ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

11-ТАМЫЗ – ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІ

19:38, 9 тамыз 2019

Диктор:  Тұрғын үй құрылысы қарқын алған Ақмола облысында биыл үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылуда. Бұл мақсатта 12 жарым миллиард теңге бөлінген. Соңғы екі жылда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде миллионнан аса шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Нәтижесінде 10 мыңнан аса ақмолалық баспаналы болды. Бұл көрсеткіштер құрылысшылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында мақтанышпен айтылды.

РКС: Жасұлан Алғазиннің құрылыс саласында еңбектеніп жүргеніне 40 жыл болды. Яғни, тәжірибелі маман  жарты ғасырға жуық мыңдаған шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлердің бой көтеруіне өз еңбегін сіңіріп келеді.

СНХ: ЖАСҰЛАН АЛҒАЗИН – ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Көкшетаудағы 5 балабақшаның, бірнеше тұрғын үйдің құрылысына қатыстым. Елордасында да еңбектендім. Меніңше, әрбір азамат өз мамандығына адал болуы тиіс. 

ЗКТ: Құрылысшылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын «Достар» мәдениет сарайында өтті. Бұл күні өңірдегі құрылыс компанияларының жұмысы мен отандық құрылыс материалдарын өндіру мәселелері де сөз болды. Құрылыс алаңдарын инфрақұрылыммен қамту ісінде мемлекеттік қолдауды арттыру мақсатында бюджеттен бір жарым миллиард теңге қарастырылған. Бүгінде облыс көлемінде 5 мектеп пен 2 балабақшаның құрылысы жүруде. Сонымен қатар Көкшетау қаласында онкологиялық емхана бой көтеруде.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ   Құрылысшылар – сұранысқа ие, әрі өте қажет мамандықтардың бірі. Құрылыс саласында еңбектеніп жүрген мамандық иелері көп. Олардың қатарында архитекторлар, дизайнерлер мен тас қалаушылар бар. Сондықтан осы мереке бәріне де ортақ. Әрбір мерекенің өз дәстүрі бар. Сондықтан меніңше, жаңа құрылыс нысанын тапсыру – бұл сала мамандары үшін үлкен мереке. Ендеше, еңбектеріңіздің жемісін көріп, жетістіктерге жете беріңіздер!

ЗКТ: Кәсіби мереке күні құрылыс саласының біраз өкілі облыс әкімінің алғыс хатына ие болса, кеуделеріне  «Құрметті құрылысшы» төсбелгісін таққандар да бар. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, МАДИНА СМАҒҰЛОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...