ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

12 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ

16:19, 11 тамыз 2017

Тұрлыбек Жолдосбай – Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының әдіскері.

Тұрлыбек Жолдосбай – Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының әдіскері. Белсенді жас аталған мекемеде 2013-ші жылдан бері еңбек етуде. Күнделікті қызметінде ол жастармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Тұрлыбек қазіргі жастардың білімді, көзі ашық және әрбірінің мақсаты бар екенін айтады. Сондықтан, олар үшін түрлі қызықты шараларды ұйымдастыруға тырысады. Сондай-ақ, көше өнеріне жататын «хип-хоп» бимен айналысады. Өнердің бұл түріне ол 13 жасында қызығышулық танытқан. Жетістіктері де бар. Қазір өзі шәкірт тәрбиелеп жүр.

Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығы 2013-ші жылдан бастап жұмыс істей бастады. Негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жастардың арасында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру. Қазіргі күні бұл жерде 6 маман еңбек етуде. Олар күнделікті қала жастарының арасында түрлі танымдық шараларды өткізу, және қызықты жобаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді.  

Қазір Көкшетауда 40 мыңға жуық жас бар. Қалалық жастар ресурстық орталығы олардың 5-6 мыңдайымен жұмыс істейді. Басым бөлігі студенттер. Жалпы, еліміздегі белгіленген норма бойынша 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтар «жастардың» санатына жатқызылады.

Нұргүл Нұрбайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

М.МЫРЗАЛИН: «...ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН!»
19:18, 23 мамыр 2018
М.МЫРЗАЛИН: «...ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН!»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...