ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

13 ҚЫРКҮЙЕК - ОТБАСЫ КҮНІ

19:53, 11 қыркүйек 2020

ДИКТОР:  Қыркүйек  айының  екінші  жексенбісінде елімізде отбасы  күні тойланады.  Келесі  сюжет  кейіпкерлері   көпке   үлгі   болар   жанұя.   Олар  –  кәсіби  құтқарушылар. 

РКС: Сергей  Токарчук  1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Көкшетауда мектеп бітіріп, кейін сол жердегі азаматтық қорғаныс колледжіне оқуға түседі. 20  жылдық  еңбек  тәжірибесінде  ол  талай   адамның   өмірін құтқарды.

СНХ: СЕРГЕЙ ТОКАРЧУК – ҚҰТҚАРУШЫ  ///рус///   Менің  ағам  құтқарушы болған. Ол  сүңгуір-апаттық құтқару отрядын құрып, мені өзіне шақырды. Біз, алдымен, балаларды, жас триатлоншыларды  құтқардық. Олар жаппай  жүзуге қатысқан. Көбі суға бата бастады. Мен еш ойланбастан құтқаруға кірістім. 3,4 баланы бірден қайыққа отырғыздым.

РКС: Сергейді жан жарымен табыстырған – достары. Жұбайы  Вера  перинаталдық орталықта медбике.  Айтуынша,  олар бір-біріне  өмірлік  серік болатынын алғаш көргеннен-ақ түсінген.  Бүгінде  15  жыл бірге өмір сүруде.

СНХ: ВЕРА ТЕСКЕ – ЖҰБАЙЫ   ///рус///   Отбасы – адам баласы үшін ең бағалы дүние. Ол тек әйелі мен күйеуі ғана емес. Ол анаң, әкең, бауырларың. Барлық отбасыларға  бақыт, амандық тілеймін. Шаңырақтарыңыз биік болсын.  Ошақтарыңыз  сөнбесін.

РКС: Қазақстанда Отбасы күні жыл сайын екінші қыркүйек күні  аталып өтіледі. Отанға деген сүйіспеншілік отбасына деген  махаббаттан  басталады. 

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА,  САБЫР  ҚҰЛАТАЙ,  КӨКШЕ  АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...