ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

14 АДАМ СУҒА КЕТКЕН

18:55, 30 шілде 2020

ДИКТОР: Шомылу маусымы да аяқталуға жақын. Карантин шаралары жеңілдетілгенімен, жағажайларда суға шомылуға шектеу қойылды. Десе де, демалушылар  суға түсудің жолын тауып,  тәртіпке бағынар емес.  Бұл ретте құтқарушылар жасағы суда орын алатын қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін түрлі шараларды қолдануда.

РКС: Арнайы жасақтың көмегімен 2200 рейдтік жұмыс жүргізілген. Нәтижесінде 1400 адамның әкімшілік тәртіп бұзушылық жасағаны анықталған. Соңғы аптада Зеренді, Қопа, Щучинск және Бурабай көлдерінде 14 адам судан құтқарылды. Мамандардың айтуынша шомылу маусымы басталғалы осынша адам суға кеткен. Оның 4-уі бала. Өткен жылмен салыстырғанда суға кету оқиғаларының саны едеуір азайған.  

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ,  ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///РУСС//Суда орын алған оқиғалардың себебі демалушылар  белгіленген жерден асып, жүзіп жағаға өздері қайта алмаған. Енді біреулері қайықпен  жүзіп алысқа кетіп қойған. Резина қайықтың желі шығып кеткен. Олар өз  күштерімен жағаға қарай орала алмаған. Осыдан бір-екі күн бұрын  Щучинск қаласында 12 жастағы бала құтқарылды. Біздің патрульдік  полиция  жағажайда тұрған екі велосипедті көріп, жедел құтқару жасағын шақыртып, балаларды іздей бастаған. Екі баланың бірі жағажайдың маңындағы тастың үстінде отырған жерінен табылды. Ал, екіншісі резина матраспен көлдің ортасына дейін жүзіп кеткен. Біздің құтқару жасағының көмегімен дер кезінде демалушылар құтқарылды.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЕВА,  ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ  ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ
19:39, 13 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНГЕН
20:01, 7 тамыз 2020
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...