ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

15 ПОЛИЦЕЙ ШЫҚҚАН ӘУЛЕТ

22:56, 6 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Құсайыновтар әулетінен сержанттан бастап полковникке дейін 15 тәртіп сақшысы шыққан. Үлкендері зейнетке шығып, кенжесі полицейдің формасын енді киген. «Біз жай ғана Отан алдындағы борышымызды өтеудеміз!»,-дейді олар. Полицейлер династиясымен тілшіміз Ердігүл Дәдібасқызы танысып қайтты.

РКС: Учаскелік полиция инспекторы Жәнібек Баяхметовке келгенімізде, ол қала тұрғынына жоғалтқан телефонын қайтарып жатыр екен. Жап-жас тәртіп сақшысын сөзге тарттық. Небәрі 23 жасында мұндай жауапты әрі қиын мамандықты таңдау себебін былай түсіндірді: 

СНХ: ЖӘНІБЕК БАЯХМЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ: //аударма// Бұл мамандықты әкемнің ізін жалғау үшін таңдадым. Қазіргі кезде Қостанай қаласында Ішкі істер министрлігінің академиясында білім алудамын. 4 курс. Ақпан айынан бері тәжірибе жинақтап жүрмін.

РКС:  Жәнібектің үлгі тұтатын тұлғасы – асқар тау әкесі. Серік Баяхметұлы да кезінде сержант қызметінен бастаған. Қарағанды мемлекеттік университетінің соңғы курсында жүріп, тергеуші қызметіне орналасады. Содан кейін облыстың түрлі аудандарында тергеушіден аға прокурорға дейін қызмет атқарған. Сонау ауыр 90-шы жылдарда түрлі ауыр қылмыстық істерді ашып, тіпті жарақат та алған. Алайда, жалғыз ұлының бұл қиындығы мол саланы таңдағанын қаламаған.

СНХ: СЕРІК ҚҰСАЙЫНОВ, АДВОКАТ, ОТСТАВКАДАҒЫ ПОДПОЛКОВНИК: //аударма// Мен баламның әскери оқуға түсіп жатқанын білмедім. Ішімнен қаламап едім. Ол құжат тапсырып қойдым деді. Бетін қақпадым. +Скл Ұлым менің, ағаларының бұл салада жүргенін көріп өсті. Мәселен, өзім Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен соттан басқа құқық қорғау органының барлық саласында жұмыс істедім. Мен де ұлым секілді сержанттан бастағам.

РКС: Серік Баяхметұлы 10 ағайынды. Туған ағасы мен екі інісі де заң қызметкері. Одан басқа немере аға-інілерін қосқанда, Құсайыновтар әулетінен 15 полицей шыққан.

СНХ: ЖАНАТАЙ ҚҰСАЙЫНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: //қазақша// Мен өзім 12 жыл зейнеткермін. Ауған соғысының ардагерімін. +Скл Келе жатқан Отан қорғаушы күні әр азаматтың Отан қорғау күні. Қазақстанның барлық семьяларын құттықтаймын.

СНХ: НҰРЛАН ҚҰСАЙЫНОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: //аударма// Құқық қорғау органына Құсайынов Серік, Хамит, Жанатай сынды ағаларымның ізімен келген едім. Және менің өкшемді басып келе жатқан полицей бауырларыма қызметін абыроймен атқаруды тілеймін! 

РКС: Таныстары «ағайынды Құсайыновтардың ұлттық киімі – полицей формасы» деп қалжыңдайды екен. «Біз ерекше еңбек етіп жүрміз деп санамаймыз, жай ғана Отан алдындағы борышымызды өтеудеміз»,-дейді өздері.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,  «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...