ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

16 МЫҢ АҚМОЛАЛЫҚ «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІНДЕ СУҒА ТҮСТІ

15:39, 20 қаңтар 2020

Демалыс күндері  православ дінінің өкілдері   «Крещение Господне» мерекесін атап өтті. Облыс орталығында суға шомылу рәсімі қалай өткені жайында толығырақ келесі бейнематериалда.

Шомылу рәсімін асыға күткен жұртшылық Қопа көліне жиналды Судағы шомылу  ойықтарды  арнайы діни рәсіммен  тазарттқаннан кейін бастау алды.

НАУХАН РЫСПАЕВ,ОБЛЫСТЫҚТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ

Жылдағы дәстүр бойынша барлық христиандар судағы ойыққа түсіп шоқынады. Ол үшін арнайы дайындалған ойықтар бар. Өткен жылы 53 ойық қазылған болатын биыл 54. Бұл орындарда құқық қорғау органдарының қызметкерлері  жұмыс істейді. ТЖД  суға түскен қала тұрғындарын жылыту үшін машиналар қамтылған. Ақмола облысында өткен жылы 18 мың адам шомылған болатын. Биыл Қопа көлінде 5 мың қала тұрғыны шомылды. Дәл осы күні суға шомылғысы келетіндер саны жыл санап артып келеді. Осы күні судың емдік қасиеті денсаулыққа пайдасы еселенетін көрінеді. Сондықтар барллығысалқын суға шомылуға асық.

Суға шомылушылар үшін жылыту пункттері қарастырылған. Автобустар, вахталық автомобильдер, шатырлар мен үйлер, сонымен қатар.  ыстық шай ұсынылған. Судағы арнайы ойықтың жанында құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Суға сүңгіп шыққандардың барлығы жыл бойына сергек жүретіндіктерін айтуда.

АЛЕКСАНДР СТЕЛЬМАЩУК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

15 жыл қатарынан бұл мерекеге қатысып  келемін. Өзімді сергек сезініп тұрмын. Осындай мерекенің әлі де барына қуаныштымын. Суға үш рет сүңгіп шыққан адамдар шымырланып өздерін жақсы сезінеді.

АЛЕКСАНДР АРТЕМЕНКО, ОРЫС ҚАУДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ/// ПРЕДСЕДАТЕЛЬ РУССКОЙ ОБЩИНЫ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бүгін осымен алтыншы жыл қатарынан Қопа көлінде кездесіп тұрмыз. Мерекені өткізу барында жасаған қолдаулары үшін жергілікті әкімшілікке  алғысымды білдіремін.Жыл  сайын орыс қауымдастығы ТЖД және жедел жәрдем қызметкерлерімен бірлесіп осындай шараларды өткізіп келеміз.Бұл жерге суға шомылуға келгендердің дені тек денсаулықтарын жақсарту үшін ғана емес  рухани тазару мақсатында келген. Көкшетаулық тұрғындарға денсаулық тілегім келеді. Өз басым адам аз кезде таңертең суға түсемін.

Ақмола облысы ТЖД ақпараты бойынша, биыл аймақтың ойықтарында 16 мыңға жуық ақмолалық суға  шомылған. Олардың 5 мыңы Көкшетаулық тұрғындар.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ОКСАНА МАТАСОВА, БАУЫРЖАН СМАГУЛОВ, КОКШЕ АКПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...