ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

17 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

18:46, 1 шілде 2020

ДК: Атбасарда жол құрылысы қарқын алып отыр. Алайда, жол төсемінің сапасы жіті бақылауды талап етеді. Осы мақсатта өңір тұғындары қоғамдық бақылау комиссиясын ұйымдастырып, жергілікті әкімдікпен бірлесіп жол сапасын бақылауға алған. Сондай-ақ, мердігерлер өңірде бұған дейін атқарылған сапасыз жұмыс олқылықтарын жоюға міндеттеліп отыр.

РКС: Атбасарда жол жөндеу жұмыстарына 633 млн. теңге бөлінген. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапары барысында аудан орталығында атқарылып отырған жөндеу және құрылыс жұмыстарының сапасын жіті қадағалауды ескерткен еді. Қазір осы мақсатқа қала тұрғындары мен жергілікті мәлихат өкілдері арнайы комиссия құрған.

СНХ: РУСЛАН ДОСМҰХАНОВ, МОНИТОРИНГТІК БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ/// Өңір тұрғындарын жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелерде автокөлікпен жүрмеуге шақырамын. Себебі, төселіп, толық тығыздалып болмаған асфальт үстінен жүру оның сапасына кері әсер тигізеді. Мердігерлердің жұмысына мониторингтік топ өкілдері күнделікті бақылау жүргізеді.

РКС: Аудан орталығы Атбасар қаласында 17 көше жөнделуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жол құрылысында 80 адам еңбекпен қамтылып, 34 шақырым елдімекен ішілік жол төселеді. Сондай-ақ, инженерлік желілерді жаңғыртуға 340 млн. теңге бөлінген. Нәтижесінде 54 тұрғынды тұрақты  табыспен қамту жоспарланған. Жалпы алғанда ауданда 1млрд. 927 млн. теңгеге 19 әлеуметтік жоба жүзеге асырылмақ. Осылайша, 550 жаңа жұмыс орны ашылады.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ,  АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ  ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ
19:39, 13 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНГЕН
20:01, 7 тамыз 2020
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...