ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

18 МАМЫР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ

20:27, 14 мамыр 2020

 

ДК: 18 мамыр -  Халықаралық музейлер күні. Ақмола облысы бойынша қазіргі таңда 11 музей жұмыс істеуде. Аталмыш мұражайлар да 100 мыңға тарта құнды жәдігер сақталған. Осы жыл облыс орталығындағы музейлер үшін жемісті болмақ. Себебі, облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығы және Мәлік Ғабдуллин мұражайының 25 жылдығы республикалық көлемде аталып өтпек.  Бұл туралы арнайы өткен онлайн брифингте мәлім болды.

РКС: Халықаралық музейлер күні 1977 жылдан бастап тойланып келеді. Тарихи жәдігерлердің сырын бұқараға бүкпесіз жеткізетін музей саласының мамандары бұл күнді асыға күтері анық. Облыс орталығындағы тарихи-өлкетану мұражайы биыл өздерінің ғасырлық тойын атап өтпек. Музей ұжымы мерейлі мереке қарсаңында бірқатар жобаны жүзеге асырмақ.

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ//қаз//«Музей ғасыры» жобасы жүзеге аспақ. Оның аясында «Қасиетті қазына» мерейтойлық фотоальбом, көрмелер, дәрістер, дөңгелек үстелдер өтеді. Сондай-ақ, «Музей тарихы – біздің жадымыздың тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізуді жоспарлап отырмыз.

 

РКС: Былтырғы жылдың күзінде күрделі жөндеуден Мәлік Ғабдуллин музейі жұмысты жаңа тыныспен бастады. Мәлік Батырдың 105 жылдығы мен музейдің 25 жылдығына орай республикалық «Тұлғалық музейлер» фестивалін өткізуді көздейді. Бұл шара батырдың туған күні, 15 қарашада өтеді деп жоспарланған.

 

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ//қаз// Қазақстан бойынша тұлғалық музейлер қауымдастығы бар. Оның ішінде 60 музей бар. Біз осы фестивальге осы музейлердің барлығын шақырдық. Фестиваль аясында «Тағылымды жобалар мен тәлімді бастамалар» атты халықаралық конференция өткіземіз.

 

РКС: Сонымен қатар, облыстық әдебиет және өнер музейі ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған бірқатар әдеби-сазды кештер ұйымдастыруда. Ал, осы жылы  Көкшетау қаласының тарихы музейіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, экспозициясы  толығымен жаңартылмақ.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАҺАНГЕР МҰҚАНБЕТОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...