ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

19 БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ ЖАҢАРТЫЛМАҚ

18:56, 14 шілде 2017

Білім ошақтарын жаңа оқу жылына дайындау үшін Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттен 5 млрд 800 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Білім ошақтарын жаңа оқу жылына дайындау үшін Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттен 5 млрд 800 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ағымдағы жылы білім беру мекемелерінің 19 нысаны қайта жаңғыртылмақ. Бұл нысандардың ішінде жаңа ошақтар да бой көтермек. Сонымен бірге мектепке дейінгі білім беру нысандары да бар. Мәселен, облыс орталығында орналасқан 280 орындық мына балабақшаның терезелері түгелдей ауыстырылып, әктеу мен сырлау жұмыстары да жүргізілген. Сонымен қатар, облыс орталығындағы № 18 орта мектепке қосымша оқу корпусын салу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Красный Яр тас жолының бойындағы жаңа үйлердің маңында оқу-тәрбиелік корпусы салынуда. Оның құрамына жалпы және мектепке дейінгі білім беру мекемелері кірмек. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында 1990 жылы салынған № 19 орта мектепке күрделі жұмысы жасалынбағалы да көп болған. 27 жылда алғаш рет құрылысшының қалағы тиюде, - дейді мектеп басшылығы.

Биыл облыстық және қалалық бюджеттен 14 оқу нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1,4 млрд тенге бөлінген. Олар Астрахан, Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Целиноград пен Шортанды аудандарындағы және Көкшетау қаласындағы бірнеше юілім ошағы.

 «Қазақстан — 2050» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында соңғы 2-3 жылда республикада әлеуметтік ғимараттарды жөндеуге, үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде өңірде басталған мектептердің құрылысы аяқталып, апатты мектептер жөнге келтірілуде. Мәселен, 2016 жылдан бастап облыс орталығында 900 орындық жаңа мектеп салынуда. Ел бюджетінен 1 млрд теңге бөлінген жаңа мектеп құрылысы тек келер жылы аяқталмақ.

Айгүл Мырзағұл

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
19:48, 21 қыркүйек 2017
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ-БИЗНЕС»  ЖОБАСЫ  143  КӘСІПКЕРДІ  ҚОЛДАДЫ
19:39, 15 қыркүйек 2017
«БАСТАУ-БИЗНЕС» ЖОБАСЫ 143 КӘСІПКЕРДІ ҚОЛДАДЫ
Толығырақ...
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
19:27, 15 қыркүйек 2017
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...