ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

2019 ЖЫЛЫ 5 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ

17:35, 10 қаңтар 2020


Парламент мәжілісі депутаттарының биылғы 10 күндік сапары былтырғыдан өзгерек. Олар өздері туып өскен аймақтарды аралауда. Мәселен жерлесіміз Майра Айсина Ақмола облысының бірқатар аудандарын аралап,  халықтың жағдайын көзбен көрді. Көкшетауда «Нұр Отан» партиясының өңірдегі филиалы өткізген жиынға қатысып,  мемлекеттік қызмет түрлерінің орындалу жүйесімен танысты. Сын да айтты.

Өткен жылы Ақмола  облысында  халыққа  5 миллионға жуық мемлекеттік қызмет түрі  көрсетілді. Оның 84 пайызы электронды  түрде жүзеге асырылған. Бүгінгі міндет – мемлекеттік қызметтің барынша ашық әрі қолжетімді болуы. Оған дәлел 551 мектеп директоры  мен 203  аудан, елді мекен әкімдерінің кабинеттері  1-қабатқа ауыстырылды.

БЕРГЕН  БЕСПАЛИНОВ,  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІНІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Мемлекеттік қызмет түрінің сапасын арттыру мақсатында арнайы жобалар қарастырылған. Ол арқылы  әрбір тұрғын мемлекеттік мекеме қызметіне баға бере алады. 2019  жылы осындай  600  жауап  ұсынып,  оның 93 пайызы оң нәтижені көрсетті.

Десе де электронды мемлекеттік қызмет түрін әлі де жетілдіру керек. Оған халық та ынталы болуы қажет дейді  Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина.

МАЙРА АЙСИНА ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Елбасы да айтты, Президент те айтып жатыр. былтыр 80 пайызын, үстіміздегі жылы 90 пайызын электронды форматқа көшіру керек деп. Соның енді бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсету орталығы 80 пайызға дайын. 90 пайыз да дайынбыз көрсетуге. Дегенмен де халқымыз оған онша дайын емес. Сондықтан мен бүгінгі көрермендерге айтайын дегенім, өзіміз де ұмтылуымыз керек. Кісілермен кездескен кезде оларға да айттым.  спеццонда болдық. халыққа қызмет көрсету орталығында болдық. Адамдардан сұрасақ, кейбіреуі эцп дегенді білмейді.Кейбіреуі ұялы телефондарының мүмкіншілігін білмейді. Мен айтам, соны үйреніңіздер. Сонда сіздер қаражаттарыңызды да, уақыттарыңызды да үнемдейсіздер.

Қазіргі уақытта ашық әкімдік қызметін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Яғни, мемлекеттік қызмет түрі халыққа барынша ашық, кедергісіз кеңістікте көрсетіледі. Сондай-ақ өңірдегі ауылдық округ әкімдіктері, колледж, мектеп, емханаларда «eGov.kz» сияқты  өзіне-өзі қызмет  көрсету  бұрыштары  бар.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...