ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

2020 ЖЫЛЫ АЙЫППҰЛҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

17:02, 6 қаңтар 2020

 


Жаңа жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш пен айыппұл мөлшері өзгерді. Бұл қарапайым халықтың қалтасына қаншалықты әсер етпек, әріптесім Байболат Ерқанат баяндайды. 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұлдарды, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2 651 теңгені құрады. Тиісінше, айлық есеппен бірге төлемдердің де бағасы өсті. Көкшетау тұрғындарының енгізілген өзгерістер туралы ой-пікірі мынадай.

УАТЖАН ҚАБДИ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Мен жүргізуші және Қазақстан азаматы ретінде, әрине, 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш пен айыппұлдың көтерілгенін естідім.  Көлік жүргізушісі ретінде, ұсақ заң бұзушылықтарға бағаны көтеруге қарсымын. Ал,  Заңды белшесінен басатындар,  айталық бағдаршамның қызыл жанғанына қарамастан кесіп өту, мас күйінде көлік тізгіндеу сияқты шектен шыққандарға қатаң тиым салу дұрыс.  

ҚАНАТ АЛПЫСБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Иә, ұсақ бұзақылық жасаған азамат үшін айыппұл құны өте қымбат. Ал, қалғанына келісемін.

Енді айыппұл сомасы келесідей болмақ: ең төменгі - 3 айлық есептік көрсеткіш, – 7953 теңге, бесеуі – 13255 теңге, 7 айлық есептік көрсеткіш – 18557 теңге,сонымен қатар,  сізге соттың қатысуынсыз полиция қызметкері жаза алатын ең үлкен айыппұл – 25 айлық есептік көрсеткіш,  яғни, 66275 теңге.

ТАЛҒАТ КІШКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ

2020 жылы АЕК 25 теңгеден 2 651 теңгеге дейін ұлғайды. Мысалы, қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 5 АЕК айыппұл салынады яғни  13255 теңге.   Немесе қысқартылған тәртіпте – 6627 теңгеге артты.

Егер жүргізуші айыппұлды 7 күн ішінде төлесе, онда сома екі есе азаяды. Облыс бойынша өткен жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 608 бабына сәйкес алкогольмен, есірткімен және  масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқарып, өрескел заң бұзғандардың саны  1800-ден асқан.   

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ, ОКСАНА МАТАСОВА,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...