ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

22 СӘУІРДЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

15:47, 21 сәуір 2017

Сәуір айының 17-сінен бастап Ақмола облысы бойынша көгалдандыру және абаттандыру айлығы басталды. Ал алдағы сенбі күні шаһарда жалпықалалық сенбілік өтеді. Шараға барлығы 4000-ға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Толығырақ әріптесім Айгүл Мырзағалиқызының бейнематериалында.

Жоспар бойынша көгалдандыру және абаттандыру 22 сәуір күні таңғы сағат тоғыздан түскі екіге дейін жалғасады. Шара аясында ағаштар мен жол жиектерін ақтау, қоқыс шығару жұмыстары атқарылады. «Көкше Тазалық» мекемесі өкілдерінің айтуынша, сенбілікке шығатын техникалық құралдар ертерек даярланып, тұрмыстық қатты қалдықтар төгуге арналған полигондар тегін қызмет көрсететін болады.

Сенбілікке барлығы 30 техника жұмылдырылмақ. Ал шаһардың қоқыстан тазарып, жаңаруына   4000-ға жуық адам үлесін қосады.Сенбілік қаланың 215 шағын аумағында өтпекші. Ал Көкшетау қалалық әкімшілігінің ұжымы қызу жұмысқа бүгіннен бастап білек сыбана кірісіп те кетіпті.

Бұл шара осы сенбілікпен ғана шектеліп қалмайды. Облыс орталығындағы барлық мекеме мамырдың он жетісіне дейін әр аптаның  бейсенбісінде өздерінің аумақтарын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Айгүл Мырзағалиқызы, Дархан Сағын

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...