ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

18:24, 23 қазан 2020

ДК: 23 қазан - әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Айтулы мереке қарсаңында облыс орталығында салтанатты шара ұйымдастырылды. Сала мамандарын  өңір басшысы Ермек Маржықпаев мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, жыл бойы үздік қызмет көрсеткен мамандар Мемлекет басшысының «Халық алғысы» медалімен  және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

РКС: Жоғары марапатқа ие болған жандардың бірі  -  Қымбат Ибраева. Ол Бұланды ауданына қарасты Купчановка ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында аға медбике болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі 39 жыл. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін әлеуметтік салаға бар ғұмырын арнаған ақ халатты абзал жанның еңбегі еленіп, Президеттің медаліне ие болды.

СНХ: ҚЫМБАТ ИБРАЕВА, АРНАЙЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА МЕДБИКЕСІ (БҰЛАНДЫ АУДАНЫ)///Науқастарды емдеп, мүгедек жанға қараймын. Қиындығы бар. Енді қиындықсыз өмір болмайды ғой. Әр саланың өз ауыртпалығы бар. Міне, соның бәрінен өтіп келемін. Жұмысымды қатты жақсы көрем. Барша әріптестерімді бүгінгі мерекесімен құттықтаймын.

РКС: Облыс бойынша 30 мыңға жуық  мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олар мемлекет тарапынан жасалатын айырықша қолдауға ие. Мәселен,  әлеуметтік қолдау шараларына осы жылы облыстық бюджеттен 928 млн.теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///қаз/// 2011 жылдан бастап қазанның соңғы жексенбісі Қазақстан Республикасында - Әлеуметтік сала қызметкерлері күні болып белгіленді. Сіздерді осы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!  Бұл күн өмірлік қиын жағдайға тап болған отандастарымызға көмектесуге арналған әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің миссиясы сияқты  ерекше болып саналады. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық береке тілеймін, еңбекте зор табыстарға жете беріңіздер!

РКС: Аймақта әлеуметтік қорғау жүйесінде 550-ден астам маман бар. Олар 3 мыңға жуық ақмолалық отбасына қызмет көрсетеді. Мерейлі мереке қарсаңында жұмыстарына адал, қажырлы еңбек етіп жүрген мамандардың есімі еленіп, зор құрметке бөленді.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар