ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ

19:41, 25 қараша 2020

ДК: 25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні. 1999 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні деп жариялады.  Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық дүниежүзі бойынша кездесетін жағдай. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі дамыған мемлекеттердің өзінде де өзекті мәселелердің қатарында. Бұл күні қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шаралар өткізуді ұсынылған. 
РКС: Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметінше, нәзік жандыларға қатысты зорлық зомбылық әлемді жайлаған коронавирус індеті кезінде тіпті өршіп кеткен. Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда бұл тізімге енген. Ақмола облысында он айда нәзік жандылардың құқығын бұзып, аяусыздық жасағандардың 864 жағдайы тіркелген. Талдау сараптамаларына  сүйенсек,  арызданушылардың көбі отағасының жұмыссыздығы мен ащы суға деген тәуелділігі  қол көтеруге әкеліп соқтыратынын айтады.

СНХ: АРЫЗДАНУШЫ///аударма///Біз азаматтық некедеміз. Екі баламыз бар. Күйеуім 2 жылдай ешқайда жұмыс істемейді. Араққа қайдан ақша алатынын білмеймін. Күнде арақ ішеді. Үйге мас күйінде келіп жанжал шығарады. Мені ұрады. Мен полицияның көмегіне осымен екінші рет жүгініп тұрмын. Мен сияқты жәбір көрген әйелдерге айтарым, полиция бөлімшесінде біз сияқты қорлық көріп жүрген жандарға көмек көрсетіледі. Жасырмау керек. Әйелдердің көбі іштен тынып жүре береді.

РКС: Статистикалық деректерге сүйенсек, зорлық зомбылық көретіндердің жас шамасы 20 мен 45 жас аралығындағы нәзік жандылар. Биыл өзіне-өзі қол жұмсаудың 8 дерегі тіркелді. Өкінішке орай екеуінің өмірін арашалап қалу мүмкін болмаған.

СНХ: АНАРГҮЛ ЫБЫРАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ///қаз/// Бүгінгі күні ең өзекті мәселе – отбасылық тұрмысқа қатысты болып отырған жағдай. +скл+Қазан айының қорытындысы бойынша 631 қорғау нұсқамасы шығарылды. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабы бойынша 117 хаттама толтырылды. Сонымен қатар жаңағы қорғау нұсқамасын бұзған тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 461-бабы бойынша 27 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.+скл+Ең бірінші, отбасындағы экономикалық жағдай, жетіспеушілік, қызғаныш, жұмыссыздық болып отыр.

РКС: Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акциясы өткізіледі. Қоғамның назарын нәзік жандыларға қорған болуға аудару, зорлық-зомбылықтың алдын алу. Ең бастысы-отбасы шырқының бұзылуына жол бермеу. Осы бағытта түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.  

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...