ШҰҒЫЛ! ҰЛТТЫҚ КЛАССИКА ЖАУҺАРЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

27 КӘСІПКЕР ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ

17:54, 14 қараша 2017

Целиноград ауданының тұрғыны Жанар Сақанова – мемлекеттік бағдарлама қатысушыларының бірі. Ол сауда орталығын ашу үшін биыл 18 миллион теңге көлемінде несие алған. Қазіргі уақытта ғимараттың құрылысы қызу жүріп жатыр. Жұмыстардың 70 пайызы орындалды деуге болады. Кәсіпкердің айтуынша, екі қабатты сауда орталығында дәмхана, киім-кешек және азық-түлік сататын дүңгіршектер болады. Осыған дейін мал шаруашылығымен айналысып келген жеке кәсіпкер отбасымен ақылдаса келе, бизнесін кеңейтіп, сауда орталығын ашуды жөн көрген.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша биыл ауданның кәсіпкерлері 120 миллион теңге көлемінде шағын несие алған. Бағыттары да сан алуан. Оның ішінде 21 адам «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан, тағы 6 адам «Целиноград» несиелік серіктестігінің көмегімен жеке кәсіптерін ашқан.

Жеке кәсіпкер Жанар Сақанова мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып, өз ісіңді ашудың тиімді екенін айтады. Себебі, жан-жақты қолдау көрсетіледі. Атап өткен жөн, елімізде биылдан бастап қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы кәсіптік біліммен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту және жұмыспен қамту бағыттары бойынша жүзеге асырылуда.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
19:10, 20 шілде 2018
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
19:10, 20 шілде 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар