ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

27 ТҰРҒЫН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

16:29, 3 желтоқсан 2019

 


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Жақсы ауданының бірқатар тұрғындары баспаналы болды. Пәтер кілттері халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған өкілдеріне табысталды.

Тұңғыш Президенті күні Жақсы ауданының әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз тобына жататын 27 өкілі қоныс тойын тойлады. Олардың қатарында жетім балалар, көпбалалы отбасылар, сонымен қатар зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар және толық емес отбасы өкілдері бар.

БАУЫРЖАН МӘЛҒАЖДАРОВ, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгін біз облыс әкімінің қолдауымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға арналған 27 пәтерлі үйдің кілттерін табыстаудамыз. Сонымен қатар Тұңғыш Президент күні қарсаңында жеке кәсіпкерлердің қолдауымен Қызылсай ауылдық округінде 2 пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліп отыр. Бүгінгі қуанышты сәтті пайдалана отыра, еліміздің барлық азаматтарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын.

Бұл күні үй кезегінде 5 жыл тұрған 4 баланың анасы Айнұр Мәуленбекова баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Бақытты ананың қуанышында шек жоқ.

АЙНҰР МӘУЛЕНБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Бұл біздің көптен күткен қуанышымыз деуге болады. 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Өте қуаныштымыз. Тұрғын үй кезегінде тұрғанымызға 5 жыл болды.  Осы уақыт аралығында біз ата-анамызбен бірге тұрып келдік.

Бұл күні Жақсы ауданына қарасты Кировское ауылының 2 бірдей отбасы баспаналы болды. Олар «Қаражон» серіктестігінің жұмысшылары Төлеген Мақаев пен Алексей Ольшевский. Аталмыш тұрғын үй кәсіпкер, меценат Ұзақбай Шәкеевтің жеке қаржысына салынды.

ҰЗАҚБАЙ ШӘКЕЕВ, «ҚАРАЖОН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз осы кентте екі пәтерлі 11 үй салдық, бұл дегеніміз 22 пәтер. Баспана кілттері негізінен серіктестіктің механизаторлары, жүргізушілер, жалпы жұмысшыларына табысталды. Өйткені, біздің кәсіпорын үшін кадр мәселесі өте маңызды. Сондықтан осы игі дәстүрді әрі қарай да жалғастыру ойымыз бар. Жыл сайын 1-2 үйден саламыз деп жоспарлап отырмыз.

Мақаевтар отбасы Көкшетау жанындағы елдімекеннен Кировское ауылына арнайы көшіп келген. Себебі, олар Жақсы ауданында серіктестік иесі өз қызметкерлеріне баспана салатынын естиді. Сөйтіп, отағасы Төлеген Мақаев «Қаражон» серіктестігіне механизатор болып жұмысқа тұрады. Көп жылдық адал еңбегі мен сабырлығының жемісі ретінде ол бүгінде баспана кілтіне ие болып отыр.

ТӨЛЕГЕН МАҚАЕВ, «ҚАРАЖОН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ МЕХАНИЗАТОРЫ:  

Біз Көкшетау жанындағы ауылдан көшіп келдік. Мұнда қазір механизатор болып еңбек етемін. Ол кезде Көкшетауда жұмыс істеп, пәтер жалдап тұрған едік. Өз баспанаң болмағасын көп қиындықтарға душар болдық. Бүгінде міне, кең сарайдай жеке баспана беріліп отыр. Басшылыққа айтар алғысым шексіз.

Жергілікті кәсіпкер өз ауылдастарына жан-жақты қолдау танытып келеді. Ал, баспана салу сияқты игі істі әрі қарай да жалғастыру ойы бар. Сөйтіп, ол өз туған ауылының дамып, көркеюіне өзіндік үлесін қосып келеді.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, НҰРСҰЛТАН ЫБЫРАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«БАТЫРЛЫҚ ҰРПАҚ БОЙЫНДА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
17:59, 5 желтоқсан 2019
«БАТЫРЛЫҚ ҰРПАҚ БОЙЫНДА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
16:00, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:23, 29 қараша 2019
ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
16:25, 29 қараша 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Толығырақ...