ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

32 ОҚУШЫ ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

16:01, 8 қаңтар 2020

 


8-11-ші сынып оқушылары арасында жалпы білім беру пәндері бойынша  ұйымдастырылған облыстық олимпиаданың жеңімпаздары анықталып, республикалық байқауға жолдама алған үздіктердің есімі белгілі болды. Өңірдің 17 ауданы мен Степногорск, Көкшетау қалаларының атынан 400-ден астам дарынды оқушы қатысып, екі кезең бойынша бақтары мен білімдерін сынға салды. Олимпиаданың қортындысын әріптесім Байболат Ерқанат баяндайды.

Олимпиада қатысушыларының әрқайсысының білім, ғылымға деген талпынысы көңіл қуантарлық. Елдің болашағы білімді ұрпақтың қолында десек, келешегіміздің кемел боларының айқын дәлелі осы пәндік олимпиадаға қатысқан бүлдіршіндер. Берілген тапсырманы білім деңгейімен саралай білген 94 оқушы үшінші орын, 33 қатысушы екінші жүлдені иеленсе, кіл мықтының ішінен қырағылық таныта білген 32 үміткер олимпиада жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.   

ЕРКІН ОРАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕРПАЗ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Биылғы олимпиаданың облыстық кезеңі өте жоғары деңгейде өтті. Республикалық кезеңге қатысатын оқушыларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Жол жүргендегі сақтық шаралары, медициналық қызмет, тәрбиешілер бірге баратын болады. Республикалық байқау жаратылыстану және математика пәндері бойынша Қарағанды қаласында, ал гуманитарлық бағыттағы пәндерден сайыс Талдықорған қаласында өтетін болады.

Білім сайысының жеңімпазы атанған үздіктердің бірі Біржан сал ауданы, Казгородок орта мектебінің оқушысы Балқия Күмісбаева. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қатысып, бес тапсырма кезеңінен ең көп ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Ендігі мақсатым - республикалық байқауда өңірдің намысын лайықты қорғап, еліме жеңіспен оралу,-дейді.

БАЛҚИЯ КҮМІСБАЕВА, ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ

Өте қуаныштымын. Ең бірінші мені осы байқауға дайындап. көмектескен  ұстазыма алғысымды білдіргім келеді. Және алдағы республикалық сайыста өз білімімді тиісті деңгейде көрсетемін.  

Айта кету керек, олимпиада 14 жалпы білім беру пәні бойынша, теориялық және тәжірибелік екі кезеңде өткізілді. Салтанатты марапаттау рәсіміне келгендерге өңір өнерпаздары концерттік бағдарламалар арқылы  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ САБЫР ҚҰЛАТАЙ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...