ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

37 ШАҒЫН ЭЛЕКТРСТАНЦИЯСЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ

19:46, 27 қараша 2020

ДИКТОР:  Жыл санап қарқынды өсіп келе жатқан Целиноград ауданын жарықпен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес  Талапкер ауылында бұрын бюджет есебінен салынған электр желісін қайта қалпына келтіру қажет. Аталмыш желіні Ақмола электр желілерін тарату компаниясына кезең-кезеңімен беруді  жүзеге асыру жоспары тұр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

РКС:  Бұл тұрғыда  шешімін таппаған мәселелер аз емес.Құзырлы орган жетекшілерінің есебіне қарағанда, тараптар мәселені шешуге бар күш-жігерін салып жатыр. Алайда нақты тетіктері айқындалмаған. Сондықтан да қалпына келтіруді қажет ететін 37 қосалқы станцияға қатысты мәселе  әлі де шешілмеген.

СНХ: АЛЕКСАНДР  ПАВЛОВ, АҚМОЛА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ТАРАТУ  КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: /// русс//// Біз Талапкер ауылындағы қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге келісім-шарт жасадық. Бастапқыда бізге тапсырылған 12 құрылғы жұмыс істеп тұрды. Біз оларды қабылдадық, қызмет көрсетіп жатырмыз. Бірақ әкімдіктен шығындарды өтеуге  әлі көк тиыналған жоқпыз. Шығындарды жабуға шамамен 17 миллионтеңге керек. Себебі біз қосалқы станцияға қызмет көрсетуге 5 адамды жұмысқа қабылдап, бөлімше құрдық, көлік  бөлдік.

СНХ: БАҚЫТБЕК  ОСПАНБЕКОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ /// русс//// 12 қондырғы  қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. «АРЭК» компаниясы қызмет көрсетеді. Келісім-шарт жасалған.  Бірақ, өкінішке орай Қазынашылықта бұл келісім-шарт тіркеуден өтпей қалды. Өйткені, мұндай ерекшелік құжат бойынша сәйкес келмейді.  Келісімшарт бар, ақша бар, бірақ біз төлей алмаймыз.

РКС:Бұл  мәселенің шешімі әзірге табыларемес. Оның бір ғана жолы бар.Қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу керек. Бұл тек жоғары биліктің құзырындағы дүние. Сондай-ақ, жиын барысында Бурабай ауданында бюджет қаражатының жұмсалуы жайлы есеп тыңдалды.

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:/// русс/// «Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша қазандықтар мен жылу жүйелерін жөндеуге 1 миллиард 372 миллион 555 мың теңге бөлінді. Осы кезеңде 6 қазандыққа және жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Барлық жұмыстар жылу беру маусымы басталғанға дейін толық аяқталды.

РКС: Жалпы Бурабай ауданы бойынша бюджет қаражатын жұмсауға қатысты ешқандай ескерту болған жоқ.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ӘЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...