ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ

20:01, 8 сәуір 2020

 

ДИКТОР: 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін  Telegram-бот ашылды. Қазақстанның барлық өңірлері 18 ботқа бөлінді. Қызметтің  бұл  түрі  Ақмола  облысының тұрғындары үшін де қолжетімді.

РКС: Телеграм-ботты қолдану үшін сізге алдымен телеграм әлеуметтік желісін телефоныңызға жүктеуі қажет. Кейін іздеу бағанына Ақмола облысы тұрғындарына арналған мекенжайды жазасыз. Яғни,  akmol42500bot деп тересіз. Әрі қарай  ботты іске қосып, мәртебеңізді анықтап алуыңыз шарт. Егер елдегі төтенше жағдайға байланысты жұмысыңыздан айырылсаңыз, жұмысшы немесе өзін-өзі еңбекпен қамтушы деген санатты таңдайсыз. Бұдан кейін жеке сәйкестендіру нөмірін, электронды почтаңызды, телефоныңыз бен жеке банктік есепшотыңыздың нөмірін тересіз. Одан соң  тек өтінішті растап, құзырлы органдардың жауабын күту қажет.

СНХ:  НҰРГҮЛ  БЕКСҰЛТАНОВА,  ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ//РУС/01:46 Тұрғындар  тарапынан жәрдемақыны рәсімдей алмауына қатысты арыз-шағымдардың және оны алатындар санатының көбеюіне байланысты телеграм-бот әр облыс бойынша бөлінді. Енді  ақмолалықтар akmol42500bot-қа кіріп, жәрдемақыны рәсімдей алады. Бұл бот тек біздің облысқа ғана арналған.

 РКС: Айта кетейік, жәрдемақы алу жөніндегі өтінімдерді egov.kz электронды үкімет порталы арқылы және 42500.enbek.kz. сайты арқылы да беруге болады.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...