ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

43 МӘДЕНИ НЫСАНҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

20:20, 29 маусым 2020

 

ДК: Биыл Ақмола облысы бойынша 43 мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтпек.  Оған 1 миллиард 700 миллион теңге бөлінген.  Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, облыс орталығындағы «Көкшетау» және «Достар» Мәдениет Сарайлары да түрленбек. Сонымен қатар, 30 жыл жөндеу көрмеген Красный Яр кентіндегі «Көкше» Мәдениет үйі де назардан тыс қалмады.  

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, РЕДАКТОР/ Красный Яр кентіндегі бұл мәдениет ошағының іргетасы 1990 жылы қаланған. Содан бері бірде бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Осы жылы нысанды қалыпқа келтіруге «Ауыл -  ел бесігі» жобасы аясында 241 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа мәдениет ошағының көрермендер залынан бастап, тозығы жеткен еден мен шатыры және сырты толығымен жаңартылуда.

 РКС: Ғимаратқа жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қарқынды. Құрылысшылар нысанның төрт қабырасын ғана қалдырып, түгел жаңартып жатыр. Жұмыс жоспарға сай  жүргізулуде.

СНХ:  ЖАСҰЛАН АЛҒАЗИН «КӨКШЕТАУСТРОЙ» ЖОБАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ СЕРІКТЕСТІГІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ//қаз////Қазіргі таңда нысанның ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жылу мен электр сымдарын тартып, ол жұмыстарды аяқтадық. Енді төбені ауыстыруды бастаймыз. Біздің аяқтау уақытымыз қыркүйектің аяғы.  Жұмыстың қазірде 45 пайызы аяқталды. Сол кезге дейін бітіреміз. Құрылыс материалдарын Нұр-Сұлтан, Алматыдан әкеп жатырмыз.

 

РКС: Ал, «Достар» Мәдениет Сарайының тозығы жеткен шатыры да ауыстырылып жатыр. Мердігерлер бұл нысандағы жұмысты тамыздың соңына дейін аяқтаймыз деп отыр. 

 

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ  БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ//қаз//Енді осы қаламыздағы көптеген қалалық, облыстық, республикалық шаралардың барлығы біздің осы шағын мәдениет үйінде өтеді. Біздегі бір мәселе ол осы шатыр еді. Жаңбыр жауса су аға беретін. Шара өткізетін кезде аздап қиындық көрдік. Қуантарлық жағдай. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобасы аясында осы құрылысқа 78 млн бөлінді. 1 ай болды жұмыс басталып кетті.

РКС: Ақмола облысы бойынша әлі де күрделі жөндеуді қажет ететін 20-ға жуық мәдени нысан бар.  Олардың барлығы назарда, - дейді сала мамандары. Әзірге бар күш жоспарланған осы 43 нысанға жұмсалуда.

СНХ: ӘНУАР ӘЙТІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ//аударма//Оның   35-і мәдениет үйі, 5 кітапхана, мемлекеттік 2  мұрағат және облыстық филармония бар. Жөндеу жұмыстары барысында 486 адам еңбекке жұмылдырылуда. Оның 249-ы жұмыспен қамту орталығынан жіберіліп отыр. Қазіргі таңда 4 нысан  аяқталды. 

РКС: Өңірде күрделі жөндеуден бөлек, іргетасы жаңадан қаланып жатқан мәдени нысандар да бар. Соның бірі Атбасар ауданында құрылысы басталған «Бастау» жастардың бос уақытын ұйымдастыру орталығы. Жоба құны 270 млн теңге. Бұл нысан келер жылы аяқталады деп күтілуде.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...