ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН

20:11, 18 қыркүйек 2020

ДК: Ақмола облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны азайған. Республика деңгейінде бұл көрсеткіш бойынша өңір 15-ші орында. Сонымен қатар тұрғын үйді пайдалануға беру мен жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі және орташа айлық жалақы бойынша көрсеткіштер мардымсыз. Бұл туралы облыстың өткен 8 айының әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланған жиында айтылды. Мәжіліс отырысында сондай-ақ, өңірдің жылу маусымына дайындығы пысықталды.

РКС: Биыл облыс экономикасын дамытуға 240 миллиард теңге инвестицияланған. Сөйтіп, Ақмола өңірі ауылшаруашылығы, өнеркәсіп өндірісінің көлемі және негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі сияқты әлеуметтік-экономикалық дамудың 7 негізгі көрсеткіштері бойынша республика деңгейінде көш бастап тұр. Тек негізгі капиталға құйылатын инвестициялар көлемінің төмендеуіне Жақсы, Бурабай, Жарқайың, Аршалы, Зеренді аудандары жол берген. Өңірде сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының ауқымы төмендеген.

СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма:///Құрылыс жұмыстарының көрсеткіші Шортанды, Ерейментау, Степногорск, Зеренді мен Бурабай аудандарында төмен. Тұрғын үй құрылысына келсек, осы уақытта 361,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бағытта Степногорск пен Атбасар ауданында көрсеткіштер мардымсыз. ///

РКС: Ия, өңірде жалдамалы тұрғын үйді пайдалануға беруге қатысты шешілмеген мәселелер жетерлік. Тек Көкшетау қаласы бойынша алдағы уақытта 4 жалдамалы және 8 несиелік үй пайдалануға берілуі тиіс. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев көрсеткіштері төмен әрбір аудан басшысын орнынан тұрғызып, мердігер компаниялармен нақты жұмыстар жүргізуді қадап тапсырды.

ЕСТ ШУМ ПО МАКИНКЕ КАК ТАМ ПО ЖИЛЬЮ, СДАЕШЬ?СМОТРИТЕ, ВЫ ОБЕЩАЛИ.  ЕРЕЙМЕНТАУ?

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///АУДАРМА. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша біздің өңірге қыруар қаржы бөлінді. Енді оны тиімді игеру қажет. Ақшаны игере алмау қаупі бар. Сондықтан, жалдамалы, және несиелік үйлерді жылдам тапсыруымыз керек.

РКС: Бюджет қаржысын игеруде дін істері, полиция департаментері, денсаулық сақтау басқармасы, еңбек инспекциясы, білім беру мен құрылыс басқармалары көш соңында келеді. Өңір басшысы Ермек Боранбайұлы әр басқарманың жетекшілеріне алдағы бір айда қаржыны тиімді игеру ісін мықтап қолға алуды тапсырды. Ал, жылыту маусымына келсек, дайындық әзірге 98 процент. Облыс бойынша 7 жылу қазандығы, 7 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау  және 10 әлеуметтік нысан  мен 321 тұрғын үй жылу маусымына дайын емес. Аймақ басшысы жылу беру маусымын ертерек бастауды тапсырды. Яғни, білім беру және денсаулық сақтау нысандарына жылу қыркүйектің 25-і, қалған тұтынушыларға қазанның 1-і беріледі. 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...