ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

5 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТ БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КӨШ БАСЫНДА

18:49, 16 қазан 2020

ДИКТОР: Карантиннің әсерінен Ақмола облысының екі негізгі экономикалық саласындағы көрсеткіш құлдыраған. Бұл карантиндік шектеулердің салдарынан жұмысы тоқтап, табысы тұралап қалған сауда-саттық пен көлік қызметтері саласы. Тиісінше, төтенше жағдайға икемделіп, нарық сұранысына сай қажеттіліктерді шығарған өнеркәсіптің химия, фармацевтика бағытындағы өңдеуші секторларының табысы артқан.  Өңірдің соңғы 9 айдағы экономикалық хал-ахуал туралы келесі материалда толығырақ.

РКС: Елде эпидахуал күрделеніп, шекара жабылған сәттен бастап, ішкі өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемін арттыруға сұраныс туды. Әсіресе, дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдарына, тыныс алу аппараттарына қажеттілік артты. Облыстағы бір ғана «Тыныс» акционерлік қоғамының машина жасау кәсіпорны тәулігіне 25 мың, наурыздан бері жалпы жиыны 2 млн-ға жуық  қорғаныс маскаларын өндірген. Осылайша, Ақмола облысы маусым айынан бері негізгі өнеркәсіп салаларында ең жоғарғы өсім көрсеткен көш басындағы 4 облыстың бірі болып отыр. 2019 жылмен салыстырғанда Ақмола 5 бағыт бойынша оң нәтижеге қол жеткізді.

1-ші инфографика.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БИЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН 2019 ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРСАҚ

  1. ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІН ӨНДІРУ  – 6,8 % ПРОЦЕНТКЕ / ЯҒНИ 732 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН
  2. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ – 18,1% ПРОЦЕНТКЕ / ТЕҢГЕМЕН  509,7 МЛРДҚА КӨТЕРІЛГЕН
  3. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ АЙНАЛЫМЫ  – 7,4%-КЕ АРТҚАН
  4. ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ  – 10,6% / ПРОЦЕНТКЕ  ӨСКЕН . ЯҒНИ 104 МЛРД ТЕҢГЕ ҚҰЙЫЛҒАН. ОНЫҢ  417,7 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРІ БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ. БҰЛ БЫЛТЫРҒЫДАН  3,4%  ПРОЦЕНТКЕ ЖОҒАРЫ.
  5. ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНА 297,6 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙЫЛҒАН. БҰЛ БЫЛТЫРҒЫДАН  23% ПРОЦЕНТКЕ АРТЫҚ

СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  ЖЕТЕКШІСІ: русс 02:15 Өнеркәсіп өндірісінің өсуіне индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ықпал етті. 2019 жылы 4 млрд теңгеге облыста 5 ірі жобаға қолдау көрсетілген болатын.  Ағымдағы жылы осындай ірі жобаларды жүзеге асырудың  екінші кезеңі жалғасатын болады.Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 45,6 мың субъект қызмет етеді.

РКС: Тоғыз жолдың торабындағы Ақмола облыс үшін сауда-саттық пен көлік қызметтері саласының маңызы зор.  Алайда, карантиндік шектеулердің салдарынан облыстағы осы қызмет көрсету салалары айтарлықтай зиян шекті.

2-ші графика.

  1. Сауда-саттық айналымы 5%  -ке,
  2. Көлік тасымалы саласы  14 %  -ке құлдыраған.

3-ші графика. РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: «Қыркүйекте көрсеткіштер іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетті. Қызмет көрсету саласы қалпына келе бастады.»

РКС: Инфекция таралып, карантин енгізілгенде сұлулық салонын жауып, тұрақты табысынан айырылғандардың бірі -  Әсем Сүлейменова. Енді аяққа тұрып келе жатқан кәсіпкер карантин қайталанбаса екен дейді.

СНХ: ӘСЕМ СҮЛЕЙМЕНОВА, СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫНЫҢ ИЕСІ: қаз: 00:24 Үйде отырғанда 42500 теңге алдық. + 00:55 Қыркүйектен бастап біраз жақсарып қалды. + 01:25 Біртіндеп клиенттер келіп жатыр.+ 00:46 Осылай жаппай бізде жақсы жұмыс істеп жатсақ, + 02:02 табысымыз орнына келеді.

РКС: Қиын-қыстау кезеңге қарамастан халықтың екі қолына бір күрек тауып беру жіті назарда болған.

Графика-4.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

  1. Облыс аумағында биыл 20822 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНЫ құрылған
  2. оның 12483-і  ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ
  3. Халықтың ОРТАША ЖАЛАҚЫ – 23,5%-ке өсіп,  162,6 МЫҢ ТЕҢГЕні құрады.
  4. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ – 4,9%-ке тұрақтаған.

РКС: Осылайша, астықты өңірдің экономикалық әл-ауқаты төтенше жағдайға бейімделіп, жалпы өңірлік өнім индексін 101,3 процентке жеткізіп отыр. Қазір жан басына шаққандағы жалып өңірлік өнім 1105 теңгені құрап отыр.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...