ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

50 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛМАҚ

19:28, 13 қаңтар 2021

ДИКТОР: Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың  арнайы мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады. Жоба аясында 2030 жылға дейін республика бойынша 50 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. Ақмола облысының балық шаруашылығындағы әлеуетіне  тілші Айсәуле Съезбек үңіліп көрді.

РКС:Бүгінде Ақмола облысында балық шаруашылығымен айналысатын 298 шаруашылық субъектісі бар. Олар 2019 жылы Ресей Федерациясына 19 тонна балық экспорттаған. Саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі  бағдарламасы бойынша облыстағы балық өнімдерін өндіру  көлемін 10 мың тоннаға дейін көтеру жоспарланып отыр. 

СНХ: БОЛАТ ТӨКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ  ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: /русс/Мұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін шаруашылықтарға субсидия беру көзделіп отыр.Мәселен, балық жемінің 50 процентіне дейін, дәрілік препараттар, шаруашылыққа қажетті басқа да материалдарды алуға қаржы бөлінбек. Бүгінгі таңда Қорғалжын және Целиноград аудандарында тұйық сумен жабдықтау қондырғыларының технологиясы арқылы балық өсірудің 2 жобасы іске асырылу сатысында. Жоба құны 7,4 млрд теңге.

РКС: Қорғалжын ауданында  балық аулауға рұқсат етілген 18 су айдыны бар. Ондағы 17 кәсіпорын Нұр-сұлтан қаласы мен Ақмола облысын балықпен қамтамасыз етіп отыр. Алайда жергілікті тұрғындар заң бойынша тек қармақ салып, көп дегенде 5 кг ғана балық аулай алады. Егер жаңа жоба мүмкіндік берсе, балықты бизнеске айналдырғысы келетіндердің бірі –Әбілжан Әбжан.

СНХ:ӘБІЛЖАН ӘБЖАН, ӨРКЕНДЕУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: /қазақша/ Жергілікті тұрғындар өзен-көлдің маңайында тұрғасын хобби ретінде айналысамыз. 14-ке жуық балық түрі бар. Ішінде жеуге жарамды 7-8 түрі бар. Енді ауыл азаматтары балықтарын өткізіп жатады. Аумен аулауға болмайды қазір. Браконьерлік әдіс болып есептеледі. Ауыл азаматтарына субсидиялар берілсе, өте тиімді болар еді. Себебі қазір балыққа сұраныс көп. Ет шаруашылығымен қатар дамып келе жатқандықтан, субсидия беруін сұраймыз.

РКС: Алдағы 10 жыл ішінде елдегі балық өсіру көлемін 600 мың тоннаға, экспортты 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.Осы ретте, 545 жаңа балық шаруашылығы құрылып, 323 шаруашылықтың  толық жобалық қуаты қолданылмақ.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ЖАХАНГЕР МҰХАМБЕТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...