ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

60 ЖЫЛДА АЛҒАШ РЕТ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

13:50, 13 мамыр 2020

 

ДК: Степногорск қаласына қарасты Бестөбе ауылының тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Қазір өңірде «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» бағытындағы 86 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру үш жылға жоспарланған. Қаржы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлініп отыр. Қазіргі таңда жұмыс көлемінің  80% орындалды.  

 

РКС: Ақсу-Бестөбе-Изобильное» бағытындағы автожол 60 жыл бойы жөндеу көрмеген. Жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Қазақалтын» компаниясы әзірлеген. 2018 жылы «Көкшетау жолдары» кәсіпорны құрылыс жұмыстарын бастаған еді. Қазір Ақсу мен Бестөбе арасындағы 70 шақырым жолға төсеу жұмыстары аяқталды.

СНХ: МҰСЫЛМАНБЕК ИСМАҒҰЛОВ, БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ /русс/ Негізгі жұмыс аяқталды. Қазір Бестөбеден Изобильное ауылына дейінгі аралыққа жөндеу жұмыстары басталды. Бір айдан соң бұл бағытта да жаңа жол пайдалануға беріледі. Енді жөнделетін 16 шақырымы қалды. Жол төсемінен сынама алынып, зертханаға жөнелтілді. Сапасы уақыт сынынан өтеді деген үміттемін. Тұрғындар жолдың жөнделгеніне риза.  

РКС: Бестөбе кентінде 7 мыңға тарта тұрғын бар. Оның 60%-і жұмыспен қамтылғандар  санатынан. Өңір экономикасына басымдық берілген бағыттарының бірі - шағын және орта бизнес. Бұл ретте жолдың қалыпқа келтірілуі аймақ үшін экономикалық магистраль қызметін атқарады.  

СНХ: СЕРІК ӘЙІПОВ,  БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ/// ҚАЗАҚША/// Жол жоқта қатты қиналатын едік. Қазір барлығы қалыпқа келтірілді. Қазір ауылдарға көп көңіл бөлініп отыр. Енді адамдар ауылдан көшіп кетуін тоқтатады деп ойлаймын.  

РКС: Бестөбеде түйіні тарқамаған мәселелер қатарында: елдімекен ішілік жолдарды жөндеу, 36 көшені жарықтандыру, мұғалімдер мен медицина мамандарын тарту және мал азығы, жайылым жерлерінің жетіспеушілігі бар. Тұрғындар бұл мәселелер де шешім табады деген сенімде.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, КИРИЛЛ ВАСИЛЬКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар