ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

17:37, 9 шілде 2018

РКС: «7-20-25» бағдарламасына тұрақты табысы бар, өз атында үйі жоқ Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Тұрғын үйдің бағасы Астана, Алматы, Ақтау, Атырау сынды ірі қалаларда 25 миллион, ал қалған қалаларда 15 миллион теңгеден аспауы керек. Мақсатты индикаторларға сәйкес ипотекалық несиеге бөлінген соманың жалпы мөлшері 1 триллион теңгені құрап отыр. 

СНХ: ГҮЛНАР ОМАРОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /// Аталмыш бағдарлама бойынша жұмыс істейтін банктер анықталып жатыр. Оларға Евразиялық банкі, Центркредит, Цеснабанк, Тұрғын үй- құрылыс жинақ банкі, Форте банк, Сбербанк, Халық банкі жатады. Жеке тұлғалар ипотекалық несие бойынша толық ақпаратты Ұлттық банктің  немесе «www.baspana72025»   Баспана ипотекалық ұйымының сайттарынан біле алады. Ол жерде осы бағдарламаға қатысты толық мәліметтер берілген. 

РКС:  Бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы бойынша Центркредит банкіне аталмыш бағдарлама аясында үй алуға бір ұсыныс келіп түскен. Банк тарапынан ипотекаға рұқсат берілді. Мамандардың айтуынша, жеке тұлғалар тарапынан ұсыныстар енді ғана біртіндеп келіп жатыр. Айта кету керек, қазіргі таңда республика бойынша «7-20-25» бағдарламасымен алғашқы 7 адамға ипотекалық несие берілген.       

ӘЙГЕРІМ БЕКМАҒАМБЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар