ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

«7-20-25»: БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ЖАҢА ТЕТІГІ

15:37, 20 қаңтар 2020

Тұңғыш Президент-Елбасы әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастаманы халық назарына ұсынды. Олардың қатарында баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру мәселелері бар.  

Елбасының бастамасымен қолға алынған «7-20-25» бағдарламасының басты мақсаты – тұрғындарды сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамту. Бүгінде мемлекет тарапынан «7-20-25» бағдарламасына ерекше көңіл бөлініп жатқандықтан, оған қатысуға ниет білдірушілер саны да күн сайын артуда.

АЗАМАТ ЖҮКЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету қарқыны жүріп жатыр. Өз басым бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілген тұрғындардың бірімін. Елбасына рақмет айтамыз елімізді тұрғын үймен, пәтерлермен қамтамасыз етіп жатқаны үшін. Жақсы бағдарлама. Қолдау көрсетіп отырамыз.   

Жаңа «7-20-25» бағдарламасы аясында еңбек етуші әр қазақстандық тұрғын үйді жылдық мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын өсіммен ала алады. Бағдарламаның жеңілдетілген шарттары тұрақты табысы бар әрбір азаматқа үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

ДӘУЛЕТ ЖАҚАШ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

«7-20-25» бағдарламасы – бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде халыққа берілген үлкен мүмкіндік. Себебі, мұндай жеңілдік бұрын-соңды болмаған. Баспана мәселесінің шешілуі халықтың әл-ауқатының артуына үлкен мүмкіндік береді.  

Елімізде уақыт өткен сайын баспана жағдайын жақсартуға ниет білдірушілер саны артпаса кеміген емес. Бұл ретте аталмыш ипотекалық бағдарлама халыққа қолжетімділік тудырды. Бағдарламаның тиімділігі мен пайдасын уақыт көрсетері анық.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...