ШҰҒЫЛ! ҰЛТТЫҚ КЛАССИКА ЖАУҺАРЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

747 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

11:44, 16 сәуір 2018

РКС: Жиында өңір басшысы Мәлік Мырзалин туризм және спорт басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке Данияр Зиябекұлы Идиятов тағайындалды. Облыс әкімі Елбасының биылғы Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Әсіресе, Астана маңында орналасқан аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды. Бұдан бөлек, елордаға ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізу көлемін арттыру мәселесі де көтерілді.  

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ///рус/// Көтерме-үлестіру орталықтарының құрылысына және Ақмол дүкендер желісін кеңейтуге ерекше көңіл бөлу керек. Облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев пен табиғи ресурстар және тағибатты пайдалануды реттеу басқармасына Астана-Щучинск тас жолының бойында агротехникалық талаптарды сақтай отырып 747 гектар жерге ағаштар отырғызу жұмыстарын қолға алуды тапсырамын. Бұл 2018 жылдың жоспары.    

РКС: Бүгінде облыста азаматтардың мәртебесін анықтау бойынша үй-үйді аралау жұмыстары жалғасуда. Бейресми жұмыспен қамтылған 287 мың адамның бүгінде 91 мыңының мәртебесі анықталмаған. Олардың 37 мыңға жуығы міндетті зейнетақы жарнасын төлемейтіндер, 3 мыңға жуығы студенттер, 6 мыңнан астамы шетелде жүрген азаматтар және 40 мыңнан астамы тіреклмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтитындар.    

СНХ: ДИНА АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///рус///Үй-үйді аралау барысында 40 мыңнан астам өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтып жүргендер мен тіркелмеген жұмыссыздардың 20400-і міндетті медициналық сақтандыру қорына өздігінен төлем жасап отыруға ниет білдірді. Осыған орай, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары олардан қолхат жинап, оны ақпараттық базаға тіркеу жұмыстарын бастап кетті. Ал қалған 20 мың азамат бейресми жұмыспен қамтылған тұрғындарды аймақтың экономикасына тарту бойынша Жол картасы аясында жұмыс жүргізіледі.       

РКС: Жыл басынан бері Ақмола облысында 868 924 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 81 пайызы электронды түрде. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, шешімін таппай келе жатқан бірқатар маңызды мәселелер де бар.

СНХ: ДАНАГҮЛ ЖҰМАБЕК, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ТАЛДАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ/// рус/// Бүгінде ақылы медициналық анықтамаларға қатысты мәселелер бар. Стандарт бойынша бізде туберкулезге қарсы, психоневрологиялық және наркодиспансерден берілетін анықтамалар ақылыға жатады. Алайда, аталмыш қызметті көрсетуде өңір бойынша олардың бағасы әр жерде әртүрлі. Кейбір кездері негізсіз көтерілген. 126 теңгеден бастап 1868 теңгеге дейін кете береді. Осы орайда, анықтаманың бағасына қатысты мәселелерді бірыңғайландыру қажет.  

РКС: Бүгінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуі де өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда облыс бойынша 660-ге тарта үкіметтік емес ұйымның 423-і ғана жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы өткен жылы 92 жоба іске асқан. Ағымдағы жылы да үкіметтік емес сектордың дамуына бюджеттен 581 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. 109 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жиын соңында өңір басшысы әрбір жауапты мекемеге жұмысты одан әрі жетілдіріп, туындаған мәселелерді жуық арада шешуді тапсырды.       

ӘЙГЕРІМ БЕКМАҒАМБЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
19:10, 20 шілде 2018
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
19:10, 20 шілде 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар