ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ Толығырақ

75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

15:55, 5 желтоқсан 2019

 


Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен үй кезегінде тұрған бюджеттік сала қызметкерлеріне пәтер кілттері берілді. Сөйтіп, Тұңғыш Президент күнін мерекелеу барысында 75 жанұя баспаналы болып, қоныс тойын тойлады.

Жарқайың ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алып отыр. Мәселен, соңғы жылдары 500-ге жуық отбасы баспаналы болған. Енді міне, Тұңғыш Президент күнін мерекелеу барысында тағы 75 отбасына пәтер кілттері табысталды.

МҰРАТ БАЛПАН, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Қуаныштарыңыз құтты болсын! Біз аудан халқының  лайықты баспаналы болуына жағдай жасап келеміз. Соңғы жылдары Қарсақ шағын ауданында 487  баспана қуанышын тойлады.  Өзіндік инфрақұрылымы қалыптасқан шағынаудан күн санап көркейіп келеді. Биыл жолдар жөнделіп, балалар ойын алаңдарының құрылысы жалғасуда. Бір ауызбен айтқанда  жастар шағынауданы шын мәнінде қарыштап өсуіміздің, серпінді дамуымыздың символы.

Пәтер кілтін алғандардың дені – баспана кезегінде жылдап тұрған бюджеттік сала қызметкерлері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы өкілдері. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар. 

АЛТЫН ТҰРМЫХАНБЕТОВА, ДЕРЖАВИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бүгін 2-топтағы мүгедек балама пәтер беріп жатыр. Соған өте қуаныштымын. Үкіметіме ризамын. Дастарханымыз қуанышқа жайылсын. Еліміз халқымыз тыныш болсын. Жылдан-жылға жаңа пәтерлер салынып, мұқтаж жандарға берілуіне тілектеспін. Еліміз өссін, көркейсін! Қазақстанның байрағы желбіреп жүре берсін!

Жарқайың ауданының әкімшілік орталығы Державинск қаласында «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі жылы 60 пәтерлі үйді қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Оған қоса аудан басшылығы шаһардың  инфрақұрылымын жақсарту мен жолдарын жөндеу, көшелерді абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлуде. 

ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ «САРЫАРҚА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН «КӨКШЕ АҚПАРАТҚА» ДАЙЫНДАҒАН БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЖАҺАНГЕР МҰҚАМБЕТОВ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:40, 23 қаңтар 2020
ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
18:38, 23 қаңтар 2020
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
15:37, 20 қаңтар 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ
15:22, 17 қаңтар 2020
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ...
Толығырақ...
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ТІРКЕЛГЕН
15:50, 22 қаңтар 2020
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІ...
Толығырақ...