ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ

18:13, 15 қаңтар 2020

 


Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартуышысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күллі Қазақстан халқын ортақ мереке дүбірлі той құрметіне қолға алынған игі бастамаларға белсене атсалысуға шақырған болатын. Ақмолалықтар мерейтой тұсында ақынның әуезді әндерін шырқап, жақұт жырларын жатқа оқыды.

Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасында ұлт болмысы, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Хәкім Абайдың өлең жырларын көше бойында тұрып-ақ көкшелік қауымнан сұрап, микрофон ұсындық.  

өлең оқиды  «Ғылым таппай мақтанба»

өлең оқиды  «Сенбе жұртқа тұрса да көзге мақтап»

өлең оқиды «Әсемпаз болма әрнеге»

ән айтады «Зәуре» әні

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөнінде  жалпыреспубликалық жұмыс жоспары бекітілген.  Сонымен қатар "Абай мұрасы" атты жаңа ғимарат салу, "Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және "Абай" телесериалын түсіру мәселесі қолға алынбақшы. Жалпы Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы аясында атап өту барысы пысықталу үстінде. Республикалық және халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдері өткізілмекші.

МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Қазақ театрының да жақсы жоспарлары бар. Биылғы маусымда ұлы ғұламаның шығармашылығынан театр сахнасынан да дүниелер жасамақшы. Яғни, ұлы ойшыл Абай атамыздың өлеңдерінен, әндерінен, оның шығармашылығынан поэтикалық-музыкалық композиция жасау жоспарда бар. Бұл енді бүгінгі жас ұрпақтың Абайтануға зерделеуге үлкен үлес қосады деген ойдамыз.

Биыл Абай Құнанбаевтың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелдерде де жалғасады. Ресейдегі, Франциядағы, Ұлыбританиядағы және басқа да мемлекеттердегі Қазақстанның елшіліктері жанынан "Абай орталықтарын" құру жоспарланып отыр. Ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шаралар ұйымдастыру көзделген.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар