ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

АБАЙ МҰРАСЫ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

20:13, 11 тамыз 2020

ДК: Абай мұрасы – ұлт тағылымының күретамыры. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында «Ақынның адамгершілік қағидаттары еліміздің бүгінгі ұрпағы үшін аса қажет» деген еді. Кемеңгер өсиетін бала тәрбиесінде шамшырақ етіп ұстанған отбасымен әріптесім Ердігүл Дәдібасқызы танысып қайтты.

РКС: Әбілқасымовтардың жанұясы үшін Абай әлемі отбасының бір бөлшегіне айналған. Ғарифолла аға мен Айнагүл апай өздері ұстаз болғандықтан, данагөйдің данышпан ойлары бала тәрбиесінде таптырмас тағылым екенін тереңнен түсінеді.

СНХ: ҒАРИФОЛЛА ӘБІЛҚАСЫМОВ, ОТАҒАСЫ: //қазақша// (03.24) Абай шығармашылығы, Абайдың жүріп өткен жолы кез-келген қазаққа таптырмас үлгі, сара жол. Біз отбасымызда Абайдың шығармаларын, Абайдың танымын насихаттауға тырысамыз. Үш ұлымыз бар. сол ұлдардың өмірде өз орнын табуына, мамандық табуда қателеспеуіне, халқына еңбек сіңіруіне Абай шығармалары, Абайдың үлгісі таптырмас сара жол деп есептейміз. +Скл Абайдың мол мұрасы жылдан-жылға алтыннан жауһарға айналып келе жатқан дүние.

РКС: Үйдегі үш ұлдың кенжесі Дияр – 21-ші орта мектептің оқушысы. Абай әлемін зерттеп жүрген зерек оқушы қалалық, облыстық қана емес, республикалық ғылыми жобалардың байқауына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Абай шығармаларына ерте күннен қанып өскен ол бүгінде ақынның 20 шақты өлеңі мен қара сөздерін жатқа біледі.

Ест шум. Дияр: Ғылым таппай мақтанба...

РКС: Шаңырақтың үлкені Мақсат жуырда шаңырақ көтерген. Өзі де, келіншегі де болашақ дәрігерлер. Медициналық академияның соңғы курсында оқиды.  Кемеңгер мұрасын қастерлеуші жанұяның босағасын аттаған жас келін Ақбота Абай әнін ыңылдатып, жұбайына жылы сезімін білдіріп отыр.  

Ест шум. Жас келін Ақбота «Көзімнің қарасы»

РКС: Көкшенің халық ақыны, сал-серілердің жалғасы Әміре Сұлтанмұраттың ұрпағы Ғарифолла ағаның шаңырағында әр дүние Абай деп жырлап тұрғандай.

 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, САБЫР ҚҰЛАТАЙ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...