ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!

19:12, 29 қазан 2020

ДИКТОР: Cоңғы күндері солтүстік өңірде әсіресе түнде сынап бағанасы күрт төмендеп кетті. Салдарынан жолдарда көктайғақ болуда. Темір тұлпар тізгіндеген жерлестеріміздің біраз абдырап қалғаны жасырын емес.  Қазан айының үшінші онкүндігінде облыс бойынша 7 жол-көлік оқиғасы орын алды. Өкінішке орай, салдарынан 4 адам жарақаттанып, тағы төртеуі көз жұмған . 

РКС: Жол апаттарының басты себебі – автокөліктердің ауа райы жағдайына дайын болмауы. Жол апатына түскен көліктер жазғы доңғалақтармен  жүрген.  Ал, көктайғаққа қарсы қауіпсіздік шараларын жүргізетін мекемелер болса, жұмысын енді ғана бастаған.
СНХ: САМАТ БЕЙСЕНОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ///аударма///  2020-2021 жылға біз 3,5 мың тонна инертті материал және көшелерге көктайғаққа қарсы себілетін бір тонна техникалық тұз салуды жоспарлап отырмыз. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары түнгі 3-тен таңғы 6-ға дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар жол апаттарының алдын алуға өте тиімді.

РКС: Тоғыз айда облыс бойынша 419 жол-көлік оқиғасы тіркелген.    Салдарынан 662 адам түрлі дене жарақаттарын алып, 64 адам көз жұмды. Жергілікті полиция департаментінің өкілдері бұл көрсеткіштің былтырғыға  қарағанда біршама төмендегенін айтады.

СНХ:  СЕРІК БАЙМҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ ///аударма/// Статистика көрсеткеніндей, көбіне жол апаты қыс мезгілінде орын алады. Осы орайда көлік жүргізушілеріне уақытылы қысқы дөңгелектерін ауыстыруды, алыс жолға шыққанда өзімен жылы киім мен алғашқы көмекке қажетті құралдарды алып жүруді ескертемін.

РКС: Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметі мен төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бірлесіп жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, қысқа дайындық та басталып кетті. Қар құрсауында қалған көліктерді шығаратын техника да сақадай сай.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар