ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

«АБАЙЛАҢЫЗ ПОЕЗД» ЖЕДЕЛ АЛДЫН-АЛУ ШАРАСЫ

14:39, 15 мамыр 2019

РКС: Жолаушылар күндіз-түні толастамайтын темір жолдың бойында құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Бұл ретте желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тынымсыз еңбектенумен келеді.  Вокзал маңындағы алаңдарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау бойынша арнайы жедел алдын алу іс-шаралары жоспарға сай жүргізіледі.  

СНХ: АСАН ҚАУМЕТОВ, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ /// Іс-шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер қылмыстарының алдын-алу және ескерту. Олардың түңгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз болуын анықтау. Сондай-ақ балалардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар, жолаушылардың әйнегін сындыру фактілерінің алдын алу. ///

РКС: Аталған іс-шара аясында теміржол маңындағы мектептер мен өзге де оқу-тәрбие мекемелерінде ескерту тақырыбына арналған дәрістер өткізу көзделген. Сондай-ақ Абайлаңыз поезд» жедел алдын-алу шарасына ішкі істер органдарынан жергілікті полиция қызметі, көлік прокуратурасы сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері жұмылдырылатын болады.

СНХ: ҚАЙРАТ ӘБІЛДИНОВ,  КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /// Ағымдағы жылдың 15-17-ші мамыры аралығында желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында жүргізілетін  жедел алдын алу іс-шарасына барлық күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылмақшы. Негізгі басымдық жазғы демалыс кезіндегі жөспірімдер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,  түрлі қылмыс атаулының алдын алуға бағытталған. ///  

РКС: Темір жол аумағы қауіп пен қатерге толы. Сондықтан, жолаушылар үнемі абай болуы қажет. Қайғылы оқиғалардың негізгі себебі де азаматтардың жол бойындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындайтын көрінеді. Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыларға сақтық ережелерін қатаң ұстанып, жол үстінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуға шақырды.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ  КЕПІЛІ
18:41, 23 тамыз 2019
САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ЫНТАДАН!
14:56, 21 тамыз 2019
ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН!
Толығырақ...