ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

АБЫЛАЙ ХАН ДӘУІРІНЕ САПАР

15:49, 14 ақпан 2020

Тұңғыш Президент- Елбасының «Рухани жаңғыру» және де «Ұлы даланың жеті қыры»  мақалаларын жүзеге асырып, онда айтылған ойларды ұрпақтар жадына жеткізу мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Петропавл қаласының Абылай хан резиденциясы мұражай кешені бірлесе қолға алған «Ордасы ұлы Абылайдың» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жылжымалы көрмедегі жәдігерлермен әріптесім Байболат Ерқанат танысып қайтты.

РКС: Абылай хан резиденциясы мұражайы көрмеге Абылай ханның дәуірінде күнделікті тұрмыста қолданылған торсық, батырлардың соғыс уақытында киген сақиналы сауыты мен майдан саймандары, Абылай ханның басқа елдермен жүргізген келіссөз құжаттарының көшірмелері сынды 40-қа жуық құнды жәдігерді алып келген. Жалпы, аталмыш музей қорында Абылай хан дәуірін қамтитын 500-ден астам дүние бар. 

АЯН САДАЕВ, АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Көрме жылжымалы болған соң көп жәдігерлерді әкеле алмадық. Ішінен таңдап-таңдап қана алдық. Көрме бұл жерде бір ай тұрады. Іссапар барысында тарихи-өлкетану музейінің ұжымымен пікір алмасып жатырмыз. Жоспар бойынша енді Шымкент қаласына апарып қоямыз.  

Көрме науырыз айының 15-не дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінде келем деушілерді асыға күтетін болады. Көрген жанға рухани байлық сыйлайтын ғажап дүниені көруге мектеп оқушылары, студент жастар тартылмақ. Көрме экскурсанттары материалдық дүниелерден бөлек, хан Абылайдың өмір жолын, жау жағадан, бөрі етектен алған қиын сәтте қолданған айла-тәсілдерін баяндамақ.    

ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Абылай хан-баршамызға ортақ тұлға. Көкшетаудың барлық жері Абылайға тесілі деп айта аламын. Бабамызды  еске салатын Абылай хан алаңы, ескерткіші, үлкен ұлы Уәлихан кесенесі мен Кенесары үңгірі бар. Қазіргі кезде Абылай хан резиденциясы мұражай кешенімен бірлесіп меморандум жасадық. Бабамызды дәріптеу мақсатында ғылыми еңбек жасайтын боламыз.

Халқына қайғысыз өмір сыйлаған, көреген көшбасшы Абылай хан Көкше жерінде 50 жылдай хандық құрып, үстемдігін жүргізген. Міне, сол себепті де жылжымалы көрменің де бірінші болып көрікті Көкшеден бастау алуы заңдылық. Жоспарға сәйкес аталмыш көрме еліміздің барлық аймақтарын қамтып,  келгендерге XVIII –ші ғасырға сапар шегуге мүмкіндік сыйламақ. Абайша айтқанда, Абылайдай нар тұлғаның батырлығын көзбен көрген қазіргі ұрпақ болмаса да ұқсап бақса көрменің көздегенінің  жүзеге асқаны.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...