ШҰҒЫЛ! 4 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ Толығырақ

АБЗАЛ АҒАНЫҢ АСУЛАРЫ

16:28, 10 тамыз 2017

"Отызда орда бұзбаған, қырықта қамал алмас" деп қайырған қазақ халқы әр жасқа өзіндік салмақты еншілеп берген тәрізді.

"Отызда орда бұзбаған, қырықта қамал алмас" деп қайырған қазақ халқы әр жасқа өзіндік салмақты еншілеп берген тәрізді. Әрине, бұл қатып қалған қағида немесе жазылып қойған заң емес. Бірақ, санасында сәулесі бар адам ой салар осы бір сүбелі сөзді жадына түйіп қояры хақ.  1957 жылы қазіргі Зеренді ауданына қарасты Куропаткино ауылында дүниеге келген Абзал Төреханұлы Көкшетаудағы Ақан сері атындағы мәдениет учильещесінің дирижерлік бөлімінің түлегі. Ал, телеарнадағы еңбек жолы тоқсаныншы жылдардан бастау алған. 

Телеоператор жұмысы ақпараттар ағынына сай қашан да даму үстінде келеді. Бұл істе жаттандылық, көрермен ойын тәркі ететін таптауырындық болмауы тиіс. Біздің кейіпкеріміз де телевизия саласындағы біріз кезеңнің куәгері. Еңбекті егізім деп танитын ерді ұйымшыл ұжымы да жоғары бағалайды. Өйткені, өз ісі ісмерінің айтарлық ілкі тұстары жетіп артылады.

Нағыз ер-азаматқа тән асыл қасиеттерді бойына сіңірген азамат отбасында да үлгілі жар, мейірбан әке. Балаларына қамқор бола білген жандар бүгінде бұл істерінің жемісін көріп отыр. Дәлірек айтсақ, Абзал Төреханұлының қос қызғалдағы Айдана мен Әйгерім екеуі де спорттың үш түрінен спорт шебері. Отбасында да, ұжымының ортасында да өзіндік орнын қалыптастыра білген азамат осылайша асқаралы алпысқа ауыз толтырып айтарлық жетістігімен жетіп отыр. Атпал мазамат алар асуларым да әлі алда деп біледі. Көзі қарақты көрерменге қарапайым бір тағдырдың өзі терең ой тастар.

Әсем Қаматайқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ
12:56, 24 қазан 2017
БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ  ТИІМДІЛІГІ
19:17, 17 қазан 2017
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
21:08, 20 қазан 2017
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...