ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ Толығырақ

АДАЛДЫҚ - АРДЫҢ ІСІ!

18:20, 13 тамыз 2019

Диктор кадрда: «Адалдық керуені» акциясының шеңберінде «Чайка» балалар сауықтыру орталығында «Парасаттылық мектебі» ашылды. Бұл күні облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері демалып жүрген балаларға адалдық туралы дәріс оқыды.    

РКС: «Чайка» балалар сауықтыру орталығында Арыс қаласынан келген 135 бала дем алуда. «Адалдық - ардың ісі» тақырыбында өткен тәрбие сағатында бүлдіршіндерге адалдық, достық, парасаттылық туралы жан-жақты айтылды.  

СНХ:АРМАН БЕРДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Мектеп жасындағы балаларға жемқорлық жайлы айтудың қаншалықты қажеті бар деген сұраққа тіреліп жатамыз. Парталасының қаламын қалтасына салған бала ертең қазынаның қаржысына қысымбай қол салатын болады. Соны негізге ала отырып біздер баланың санасына ұрлық түбір қорлық екенін сіңіріп тастауымыз керек. 

РКС: Бүгінгі таңда елімізде балаларды адалдыққа тәрбиелеуді бала-бақша мен мектеп жасынан бастау қолға алынуда. Барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубы жұмыс істеп тұр. Оқу орындарында «Саналы ұрпақ» бағдарламасы іске асуда. Бірінші қыркүйектен бастап барлық білім ошақтарында «Парасаттылық мектебі» ашылатын болады. Бүгінде онда дәріс оқитын лекторлық топ мүшелері  оқытуда.   

СНХ: СЕЙІТ НҰРБАҚЫТ: Менің бұл іс-шарадан түсінгенім табысқа жетудің бір жолы ғана бар. Ол адалдық және мен өскенде заңгер болғым келеді. Заңгер болып сыбайлас күреске үлес қосқым келеді. сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. 

РКС:Тәрбие сағатында балалар адалдық, достық тақырыбына мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтып, жұмбақтар шешті. Түрлі сұрақтарға жауап беріп, сурет салып сайысқа түсті.  Сахналық қойылымдар қойып, кездесу соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. 

М.Айбабина, Д.Мүжібаев, Көкше ақпарат.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
16:26, 15 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
Толығырақ...