ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Адам саудасының жолы кесілді

17:28, 17 наурыз 2017

Республикалық «Стоп трафик» жедел алдын-алу шарасы аясында облыс тәртіп сақшылары барлығы 8 қылмысты әшкерелеген

Республикалық «Стоп трафик» жедел алдын-алу шарасы аясында облыс тәртіп сақшылары барлығы 8 қылмысты әшкерелеген. Оның ішінде адам саудалау әрекеті де бар. Толығырақ тілші тарқатады.

Жедел алдын-алу шарасы адам саудасы, жезөкшелікпен айналысуға тарту,  еңбекке мәжбүрлеу тәрізді қылмыстық әрекеттермен күреске бағытталған. Бұл шараларға  тұрғындардың бей-жай қарамайтындығы қуантады, -дейді тәртіп сақшылары. Мысалы, азаматтардың дер кезінде хабар беруі облыс орталығында мына бір қылмыстың жолын кескен. Қалаға келген бойжеткен танысына жұмыс тауып беруін өтінеді. Ол өз кезегінде 20-дағы қызды алдап, жезөкшелікке саудалауды ойға алады. Арам пиғылды әрекетін жүзеге асыру мақсатында қылмыскер вокзал маңынан сатып алушы іздеп, такси жүргізушілеріне сұрау салады. Олар өз кезегінде ішкі істер органдарына хабар берген.  

Құқық қорғау қызметкерлері зейнеткерлерге алаяқтардан сақтануды ескертеді. 14 наурыз күні Есіл ауданында белгісіз екі азаматша өздерін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, 93 жастағы кейуананы алдап соққан. Алаяқтар ескі ақшаны айырбастап жүрміз деп, қарияның жиған 700 мың теңгесін қолды қылған. 

.   

А.Манарбекұлы, А.Балбергенов.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
20:17, 20 сәуір 2018
АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...