ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ!

15:10, 14 наурыз 2019

РКС: Адами капитал – бұл денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, яғни,  өзіңнің дамуына инвестиция салу. Сөйтіп, дамыған, бәсекеге қабілетті қоғам құруымыз керек. Елбасы 2019 жылды- жастар жылы деп жариялады. Осыған орай бүгінде жаңа жобалар әзірленіп, бизнестің өркендеуі жолында жаңа мүмкіндіктер ашылуда, жастардың бизнес бастамаларына қолдау көрсетілуде. Мәселен, биыл өңірімізде «Ақмола жастары» бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Оның аясында 6 көп қабатты тұрғын үй салынып, 424 жас отбасы баспаналы болады деп күтіледі. «Жас Отан» жастар қанаты да жастар жылы аясында түрлі семинарлар, басқосулар ұйымдастырып, тың жобалар әзірлеуде. Сөйтіп, жастардың өзара ой бөлісуіне алаң қалыптастыруда. Оған бірден бір мысал «Жас саясаткер» клубының ашылып, жұмыс істеуі.

СНХ: ӘМИНА ХАМЗИНА,  «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАС САЯСАТКЕР» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ/// «Жас саясаткер» жобасы аясында жастар бір жыл төңірегінде түрлі оқыту курстарына қатыса алады, оның ішінде саясаттану, журналистика, шешендік өнер, лингвистика бар. Бүгінде «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен көптеген жобалар қолға алынуда. Өткен жылы «жаңа әлемге жол саламыз» атты жаңа стратегия қабылданған болатын. Оның аясында ағылшын тілін үйренуге қатысты ұзақ мерзімді жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар мектептерде қазақ тілін үйрену курстары ашылуда. //

РКС: Елбасы өз Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән береді. Ол үшін кәсіпкерлерді жеке инвестицияларды салуға ынталандыру қажет, нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, іскер жандардың тұрақты дамуы үшін жағдай жасалуы тиіс деп тапсырды. Өйткені, жаңа жұмыс орындарының ашылуы бизнестің дамуымен тікелей байланысты.

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, «КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ СҮТ ЗАВОДЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ   /// Елбасы өз Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартты. Сонымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы іскер жандардың бірегей бизнес жобалары мен бастамаларына қолдау танытып, көмектесіп отырады. «Бизнес бастау», «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау» сияқты мемлекеттік бағдарламалар тағы бар. оның аясында жеке іспен айналысам деушілерге гранттар бөлініп,субсидиялар, жеңілдетілген несиелер беріледі. Мұның бәрі елімізде кәсіпкерліктің дамуына жол ашып отыр. Шетелден келген қонақтарға осындай бағдарламалар жайында айтсақ, олар таң қалады. //

РКС: Жолдауда негізгі басымдық әлеуметтік салаға беріліп отыр. Ендеше, адами капиталды дамыту Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы стратегиялық міндеттерді орындаудың дұрыс шешімі.

Бибінұр Әмірханқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
15:02, 24 мамыр 2019
ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
15:02, 24 мамыр 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 17 ЖОБА ІРІКТЕЛДІ
19:22, 17 мамыр 2019
«STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 1...
Толығырақ...
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА.  ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
19:22, 17 мамыр 2019
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА. ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
Толығырақ...