ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АДЫРНАСЫН АЛА ӨГІЗДЕЙ МӨҢІРЕТІП...

15:27, 12 ақпан 2019

СТЕНДАП: ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ, РЕДАКТОР///Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,  Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен,- өр намысты, жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлы жырлағандай қазақтың батырлығын, мергендік өнерін дәріптейтін жамбы ату ойынын бүгінгі жастар көп біле бермейді. Ал, осындай сайыстардың көптеп ұйымдастырылуы ұлттық спортымыздың жандана түсуіне септігін тигізеді.

РКС: Қазақ халқы ежелден құралайды көзге атқан мерген болған. Ал, ұлттық құндылықтарымыздан алшақтаған  жаһандану заманында сол кездегі батырлық өнеге қайтадан қарыштап қанат жаймаса да, жандану үстінде. Бұған Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін жыл сайын дәстүрлі түрде  жамбы атудан өткізілетін «Көкшетау мергендері» сайысы дәлел. Қырағы көз мергендер додасы биыл өңірде үшінші рет өтуде. Жарысқа Аити мектебі мен Мәлік Ғабдулин атындағы №3 мектеп-гимназиясының 18 оқушысы қатысты. Сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін жамбы атудан Қазақстан Республикасының алғашқы спорт шебері Айболат Естай төрелік етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша келер жылдан бастап, бұл үрдіс жандана түспек.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, М. ҒАБДУЛЛИН МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ////// Садақ ер жігітітң бес қаруының бірі. Кешегі батырлар жырында да садақ туралы қаншама ой оралымдары кездеседі. Мұның бәрі ата-бабамыздың бізге қалдырған мұрасы. Елбасы мақалаларының аясында өтіп жатқан бұл турнир тек мергендік өнерге баулып қана қоймай, балалардың академик Мәлік Ғабдуллиннің қажырлы еңбегімен де жете танысуына мүмкіндік береді.

РКС: Ши үстінен шіркей атқан батыр бабаларының ізін жалғап келе жатқан жас мергендер арасынан кіл мықтыны анықтайтын сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде 3,7,10 ұпайлардан тұратын нысанадан ең көп ұпай жинаған төрт мерген ақтық кезеңге өтті. Қырағылық сыналатын ақтық кезеңде қатысушылар ілулі тұрған жамбыны көздеді.

СНХ: МАРАТ ҚОЙШИН, БАЛУАН ШОЛАҚ АТЫНДАҒЫ ҰЛЛТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /// Жамбы ату қастерлі өнер. Негізі атпен шауып келе жатып атады, қазір балаларды осылай атуға үйретіп жатырмыз. Бірнеше жылда ата-салтымызды жандандырамыз деп ойлаймын. Айболатымыздан үлкен үміт күтеміз. Садақ ату өнерінің өңірімізде дамуына үлесін қосады деген сеніміміз мол.

РКС: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында жастарға ерекше назар аударылып жатқан уақытта осындай ұлттық ойындарымызды дамыту басты назарда болуы шарт. Ер жігіттің бес қаруының бірі саналатын садақ ату жарысының қорытындысы бойынша Аити мектебінің оқушысы Жұмаш Абылай жүзден жүйрік шығып, Мәлік Ғабдуллин жүлдесін иеленді.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...