ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ САБАҚ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕР САНЫ АРТАДЫ

19:05, 13 маусым 2018

РКС: «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы өңірлік комиссиясының отырысында  «Білім» бағыты бойынша, оның ішінде нақты үш тілділікке көшу жөніндегі мәселелерді талқыға салды. Облыстық білім басқармасының мамандары келтірген мәліметтерге сүйенер болсақ, қазіргі күні өңірдегі 343 орта мектептің 22-сі ағылшын тілінде оқытудың пилоттық жобасын бастаған.

СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Бірінші кезеңде біз әрине, пән мұғалімдерінің өздерін дайындауымыз керек. Осы бағытта жалпы Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университет көп тілде мамандар даярлайды. Бірақ, жылда жоғары оқу орындарын бітіріп шығатын ағылшын тіліндегі мұғалімдер саны біздің қажеттілікті жаппайды.

РКС: Ағылшын тілі факультетін тәмамдаушылардың қарасы биыл Көкшетау мемлекеттік университеті бойынша 40 адамды ғана құраған.  Бұл теңізге тамған тамшыдай екендігі анық. Бұл ретте тығырықтан шығар жолдың бірі – курстар деп танылған еді. Алайда, оның мерзімі тек 3-6 айды ғана құрайды. Айта кетейік, ағылшын тіліне алдымен физика, биология, химия және информатика пәндері ауыспақ. Аталған пәндерді оқытатын педагогтар қатары болса өңірде  бір жарым мыңға жуықтайды. Олардың  700 ағылшын тілінің арнайы курсынан өткен. Бірақ, оқушыларға пәнді ағылшын тілінде үйрету үшін бір ғана курс қауқарсыз дейді мамандар. 

СНХ: АЛМАЗ АСҚАРОВ, АСТАРАХАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ Әрине, жоғары оқу орындарын қарасақ, 4 жыл оқиды ағылшын тілін. Курста мұғалімдерді үйрету үшін тоғыз ай, бір жылдай болса жақсы болар еді.

РКС: Бүгінде үш тілді білім беру жүйесіне көшудің қадамдық жоспары жасалған. Соған сәйкес облыс бойынша ағылшын тілінде сабақ беруді қолға алған мектептер саны алдағы төрт жылда тағы 124 мектеппен толықпақ. Отырыс соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері облыстық білім басқармасының жауапты мамандарына 1 қыркүйекке дейін ағылшын тіліне көшу бағытындағы жұмыстардың мониторингін жасауды тапсырылды.

Ә. ҚАМАТАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
20:29, 25 маусым 2018
Б. САҒЫНТАЕВ: «...АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
20:22, 20 маусым 2018
ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
Толығырақ...