ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 12 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ЖЕМҚОРЛЫҚ СИПАТТАҒЫ ӘРЕКЕТІ ҮШІН СОТТАЛҒАН

19:29, 6 желтоқсан 2018

РКС: Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі дүниежүзі бойынша өткір мәселелердің бірі. Соған қарамастан, Қазақстанда соңғы жылдары жемқорлық деңгейі біршама төмендегені байқалады. Салтанатты жиынға қатысқан өңір басшысы Мәлік Мырзалин бүгінде облыста «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегияның» аясында жемқорлық сипаттағы деректерді болдырмау үшін жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын айтты.   

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ //// Бүгінгі таңда біздің негізгі міндетіміз – қоғамдық санаға «пара бермеу» және «пара алмау» принципін енгізуге бағытталған. Сондықтан да біз мықты әрі белсенді азаматтық қоғамға үлкен сенім артамыз. Дегенмен, өкінішке орай, бүгінде облыста жемқорлыққа қарсы заңнама бұзылған жағдайлар да орын алады. Мәселен, ағымдағы жылдың өзінде 12 лауазымды тұлға жемқорлық сипаттағы әрекеті үшін сотталған.

РКС: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті жемқорлықпен күрес жүргізуде түрлі әдістерді қолданады. Солардың бірі – облыс бойынша өтетін «Адал жол» марафоны. Салтанатты жиында марафон қорытындысы бойынша үздік деп танылған аудандар марапатталды. Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы қызметті ақпараттық жетектеуде белсенділік танытқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де марапатталды.

СНХ: ЛӘЗЗАТ СЕЙДАХМЕТОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /// рус/// Біздің Жақсы ауданы жемқорлыққа қарсы марафонға жыл сайын белсене қатысады. Өткен жылы біз 2-орынды иеленсек, биыл 1-орынды жеңіп алдық. Ол, әрине, ауданда жүргізілген үлкен жұмыстың нәтижесі. Бүгінде ауданда жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті балабақшадан бастап балалардың бойына сіңіру қажет екені сөзсіз. Сондықтан, бұл бағытта да бізде қыруар жұмыстар атқарылуда. 

РКС: «Адал жол – честный путь» марафонын өткізу туралы идея Ақмола облысында пайда болған. Бүгінде бұл форум республиканың барлық аймақтарында өткізіледі. Биыл аталмыш марафон осымен төртінші рет өтіп отыр. Жиын барысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов Ақмола облысының жұмысына жоғары баға берді.   

СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///Ақмола облыстық департаменті республика бойынша үздік департаменттердің бірі. Және соңғы алқалы жиынның отырысы бойынша Агенттік төрағасы облыстық департаменттің жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жақсы жұмыс жасап келе жатқанын атап өтті. Жуырда Агенттікте жүргізілген қорытындыға сәйкес Ақмола облыстық әкімдігінің аппараты республика бойынша ең әдепті, ашық аппарат болып танылды.     

РКС: Айта кету керек, Агенттік төрағасының тапсырмасымен жуық арада Ақмола облыстық әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі агенттік делегациясының құрамында Оңтүстік Кореяға тәжірибе алмасу үшін жіберілетін болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.       

ӘЙГЕРІМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...