ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АҒЫН СУ ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН АУЫЛ

19:03, 15 сәуір 2019

РКС: 5 сәуір күні Колутон өзені арнасынан тасып, Ескі Колутон ауылына  апарар жолды су шайып кеткен. 7 сәуірде су деңгейі ең жоғары шегіне жетіп, 4 метр 4 см-ді құраған. Мұның салдарынан ауылдағы 20 үйдің ауласын су басыпты. Құтқарушылар қазір жағдайдың тұрақталып, ағын судың деңгейі төмендегенін айтады.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ/// Қазіргі таңда жағдай бірқалыпты. Тұрғын үйлерді су басу қаупі сейілді. Жергілікті әкімдіктің алдын-ала жүргізілген шаралары негізінде ауылға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер жеткізілген. Тұрғындардың қажеттілігіне қарай біздің құтқарушылар оларды ауылдан автомагистральге қайықпен тасымалдайды.

РКС: Жұмысқа, аудан орталығына, өзге елді мекендерге жол тартқан колутондықтарды әзірге құтқарушылар қайықтары тасымалдауда. Тұрғындар өзен суының арнасынан асуы жылда орын алатынын айтады.

СНХ: ДУМАН ӘРСЕКЕЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ /// Ауылымыздың аты Ескі Колутон. Биылғы су деңгейі аз. Бұрын бұдан да көп су келетін.

РКС: Су басқан елді мекен Колутон өзенінің Есілге құяр тұсында орналасқан. Құтқарушылар мен жергілікті әкімдік бірлесіп жолдың сумен шайылып кетпеуі мақсатында арнайыв шараларды атқұарыпты. Аудан басшылығы алдағы жаз айларында ауылға барар жолдың іргесін бекітіп, су тасқынымен күрес шараларын қолға алмақ.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар