ШҰҒЫЛ! АУДАН АУРУХАНАСЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР Толығырақ

АЙМАҚТА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН

15:08, 14 ақпан 2020

Соңғы ресми мәлімет бойынша, коронавирус дертінен көз жұмғандар мыңнан асып, жұқтырғандар саны 50 мыңға жетті. Аз цифр емес. Көрші елден бастау алған кесапаттың еліміздің шекарасынан өтіп кетпеуі үшін барлық сақтық шаралары жасалуда, ал өңірде дайындық режимі қалай жүргізілуде? Тілшіміз Ердігүл Дәдібасқызы танысып қайтты.  

«Өлім вирусы», «Тәж вирусы» енді «COVID-19» деген атау берілген коронавирус әлемді дүрліктіріп, қорқыныш құрсауында ұстап отыр. Сақтық шаралары үшін аймақтағы денсаулық саласы, ең алдымен, Қытайға іссапар жасаған азаматтарды қатаң бақылауға алған.

 АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қытай Халық Республикасынан облыс бойынша 354 адам келген. Көбі – оқу, жұмыс, саяхатпен барған жергілікті тұрғындар, 13-і шетел азаматы. Оларға арнайы мониторинг жүргізіліп, мекен-жайын анықтап, хабарласып, бақылауға алдық. Денсаулығына шағымданған 12 адам ауруханаға жатқызылып, нәтижесінде оларда тұмау, ЖРВИ екені анықталды. Сондай-ақ, коронавирустық инфекция анықталған жағдайда медициналық мекемелердің дайындығын қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Медицналық қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіліп, қосымша төсек-орындары жасақталды.

СТЕНД-АП, ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, РЕДАКТОР:

«Сақтықта қорлық жоқ» дейді қазақ. Егер де өңірімізде коронавирус анықталған жағдайда біздің медициналық мекемелер қаншалықты дайын екендігін анықтау мақсатында қалалық емханаға келдік.

Коронавирус жұқтырған науқас рөліндегі кейіпкеріміз емханаға фильтр арқылы кіргізілді. Енді дәрігерлердің іс-әрекет алгоритміне кезекпен тоқталайық:

СТЕНД-АП, ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, РЕДАКТОР:

Қытайға жол жүріп келген қала тұрғыны денсаулығына шағымданып, емханаға келген болатын. Ең бірінші алгоритм бойынша дәрігер онымен әңгіме-кеңес жүргізіп, егер коронавирус инфекциясына күдік туған жағдайда бірден инфекционист дәрігер шақыртады.

2. Инфекционист-дәрігер науқасты қарағаннан кейін бірден бас дәрігерге бұл ақпаратты жеткізеді. Кейін бас дәрігер инфекциялық бөлімге хабарласып, жедел жәрдем шақыртады.

3. Бұдан кейінгі басты әрекет науқастың ауыз қуысынан және қанынан талдау алынады.

4.  Инфекциялық бөлімнен арнайы капсуламен жабдықталған жедел жәрдем көлігі келіп науқасты алып кетпейінше, барлық медициналық қызметкерлер мына кабинеттен шығарылмайды. Бұл вирустың ауаға тарап кетпеуі үшін жасалатын қауіпсіздік шарасы – дейді мамандар.

РКС: Инфекциялық бөлімге жеткізілген науқасты қабылдаудың да өзіндік алгоритмі бар. Бұл жерде де науқастан қан талдауы алынып, аса қауіпті инфекциялардың вирусологиялық зертханасына жіберіледі. Нәтижесі 3 сағатта дайын болады. Егер қатерлі вирус анықталса, инкубациялық режимде ем-дом шаралары басталып кетеді.

СӘУЛЕ ЖҰМАТАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС  ИНФЕКЦИОНИСІ:

Бүгінде 2020 жылдың 3 ақпанындағы коронавирустық инфекция туралы клиникалық хаттамасына сәйкес этитроптық терапия жүргізіледі. Олар: Алувиа препараты. Ол жаңадан шыққан дәрі емес, онымен ВИЧ инфекциясын жұқтырған науқастарды емдейтінбіз. Препарат барлық медициналық мекемелерде жеткілікті мөлшерде бар. Коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда инкубациялық режим 2 күннен 14 күнге дейін жалғасады. Бүгінде инкубациялық режим үшін 1 бокс, 3 төсек жабдықталған.

РКС: Сондай-ақ, жергілікті денсаулық саласының мамандары тұрғындарды бетперделермен толық қамтамасыз ету және бағасын тұрақты ұстау мақсатында дәріханалармен меморандум жасаған. Сонда да, тұрғындарға алдын-ала бетперде сатып алып, дүрлігіп, қарбалас тудырудың қажеті жоқ, бүгінде жағдай тұрақты – деуде.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ТЕСТ ТАПСЫРАТЫН ТҮЛЕКТЕР «FACE ID» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРІЛМЕК
20:30, 2 маусым 2020
ТЕСТ ТАПСЫРАТЫН ТҮЛЕКТЕР «FACE ID» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...