ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

19:38, 6 мамыр 2020

 

ДК: Бұландылық кәсіпкерлер коронавирусқа қарсы күреске өз үлестерін қосуда. Макинскідегі ірі құс фабрикасы аудандық орталық ауруханаға емдеуге қажет құрылғыларды сыйға тартты. Ал, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа ақ халатты абзал жандарға арнайы мал сойып, етін таратып берді.

 

РКС: Халықтың саулығы үшін талмай еңбектенетін ақ халаттылардың ерен еңбегі елді коронавирус инфекциясы жайлаған тұста ерекше көзге түсті. Осыны елеген кәсіпкерлер медицина қызметкерлеріне қамқорлық таныта бастады. Мәселен, Бұланды ауданындағы ірі құс фабрикасы орталық ауруханаға қажетті медициналық құралдарды сыйға тартты.

СНХ: ДАНИЯР ТОҚТАРБАЕВ, «Aitas KZ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ӨКІЛІ ///аударма: Елімізге күн туған ауыр кезеңде біздің компания аудандық ауруханаға көмек ретінде қажетті құралдары сыйға тартуды жөн көрді. Бұған дейін де біз бірқатар игі шаралар атқарған болатынбыз. Мәселен, Көкшетауға экспресс тесттер, дезинфекциялауға қажет заттар жіберген болатынбыз. Ал, енді аудандық ауруханаға оттегін беруде жоғары ылғалдатқыш құралын сыйға тартпақшымыз. ///

РКС: Бұландыдағы құс зауыты ауруханаға сондай-ақ, бүгінгі таңда қажет саналатын, тепловизор, офтальмоскоп, обаға қарсы арнайы киімдер мен электрос сияқты құралдарды сатып алуды жоспарлауда. Ал, аудандағы мал шаруашылығымен айналысатын «Абрамочкин» шаруа қожалығының иесі ақ халаттыларға тегін ет таратып беруді ұйғарған.

СНХ: ЖАНАТ МУСИН, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ///Аударма: Бізге гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл осынау ауыр кезеңде халықтың бізге деген қамқорлық деп түсінеміз. Қазірде әріптестерім, блок-бекеттерде кезекшілік атқаруда. Бұл оңай жұмыс емес. Медицина қызметкерлері сондай-ақ, ауруханалар мен емханаларда да инфекцияның алдын-алу жолында талмай еңбектенуде. Осыны елеп-ескерген кәсіпкерлерге айтар алғысымыз шексіз.  ///

РКС: Бұланды ауданында коронавирусқа шалдыққан жандар жоқ. Десе де, халықтың саулығы үшін күресіп жүрген бүгінгі күннің қаһармандарына осындай қолдау көрсетіліп жатқаны қуантады,-дейді аудан басшылығы.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...