ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15:27, 14 қаңтар 2020

Облыс орталығында «Ақ жол» демократиялық партиясының активтері өңірдің кәсіпкерлері мен қоғам белсенділері арасында конференция өткізді. Шара Мәжіліс депутаттарының өңір тұрғындарымен кездесуі аясында ұйымдастырылды. Конференцияға «Ақ жол» демократиялық партиясының төрғасы Азат Перуашев пен Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова қатысып, партияның облыстық филиалы өкілдерімен атқарылған жұмыс есебімен танысты.

 «Ақ жол» демократиялық партиясының өңірлік филиалы 2002 жылы құрылған. Содан бері, елдегі Парламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына үзбей қатысып келеді. Мәселен, былтырғы Президент сайлауында 437 мыңнан астам сайлаушының 24 мыңдайы  ақжолдық кандидатқа дауыс берген. Бұл дегеніміз, 30 мыңға тарта адам «Ақ жол» партиясына мүдделес екенін білдіреді. Соңғы екі жыл ішінде100-ге тарта азамат филиалға жеке арыздарымен келген. Соның ішінде, 95 заң жөнінде кеңес беріліп, 81 азаматқа ауызша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Үкіметке 15 депутаттық сауал жолдаған. Жағымды жаңалықтардың қатарын «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев жалғастырды.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОГРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 Жаңалыққа ие болдық. Бұрынғы кезде болмаған, осы облыстан 4 партия мүшесі мәслихат депутаттары болып кетті. Біз әр конференция мен фракция отырысында қарастырылған мәселелер бойынша кәсіпкерлерді, зейнеткерлерді қабылдап, депутаттармен тікелей байланыс арқылы сөйлесіп, өздерін мазалаған мәселелер көтеріледі. Біз оларды депутаттық сауалға айналдырып, үкімет алдына қоямыз. Меніңше партиямыз өте белосенді, көрнекті жұмыстарды атқарып келеді. .....

Партияның облыстық филиалын соңғы екі жыл бойы өңір қаламгері, қоғам қайраткері Бақыт Смағұл басқарып келді. Қызметтік мерзімінің аяқталуына байланысты оның орнына партия мүшелері бір ауыздан жергілікті кәсіпкер Борис Мельниковты лайықты деп таныды. Борис Мельников 1978 жылы Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Ұрымқай ауылдық округінде туған. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқаннан кейін ол 2 жыл Отан алдындағы міндетін атқарып келген. Өңірдегі жоғары оқу орындарының бірінде «Заңгер» мамандығын игерген. Содан бері өз бизнесін ашып, күні бүгінде кәсіпкерлікпен айналысып келген.

БОРИС МЕЛЬНИКОВ, «АҚ ЖОЛ»ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жеке бизнеспен айналысамын. Ауыл шаруашылығы, өндіріс пен сауда-саттық сынды салаларда жұмыс жасаймын. Жаңа жұмыс орындарын ашып келдік. Тұрғын үйлер салынды. Енді, міне «Ақ жол» партиясының мүшесі ретінде жаңа қызметке тағайындалудамын. Бұдан әрі де ҚР адал қызмет етуді жалғатыра бермекпін.  

Бұдан бөлек, партия өкілдерімен ұйымдастырылған конференция аясында облыстық кеңестің 18 жаңа мүшесі тағайындалды. Сондай-ақ, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар «Мәслихаттың 25 жылдығы», «ҚР 100 жылдығы» төсбелгілерімен марапатталды.

Авторы: Айгүл Бекетқызы, Операторы: Бауыржан Смағұл

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...