ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

18:18, 7 желтоқсан 2018

РКС: Мұрағаттық деректерге сүйенсек, қазақстандық полиция қатары тәуелсіздік жылдары ішінде 800-ге жуық сақшылардан айырылса, олардың 35-тен астамы Ақмола өңірінің ержүрек сақшылары еді. Еліне адал қызмет атқарып, халқына еңбегімен көрініп, қаза құшқан Ботагөз Бижанованы еске алуға арналған «Ақиқат жолында» атты еске алу кеші болып өтті. Шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, марқұмның туыстары мен әріптес достары, замандастары қатысты.

СНХ: ЕРЛАН СӘДУАҚАСОВ, ПОДПОЛКОВНИК /// Бүгін міне полиция подполковнигі Ботагөз Бижанованы еске алу кешіне қатысып отырмыз. Арада 17 жыл өтсе де, есінен шығармай, осындай шара ұйымдастырып отырған облыстық полиция департаментіне ризашылығымды білдіремін.Бұл кеш жас ұрпаққа үлкен өнеге. Батыр қызымыздың рухы мәңгі жадымызда сақталмақ.

РКС: Еске алу кешінде марқұмның жасаған ерлік істері мен ғұмырнамасын дәріптейтін арнайы деректі фильм көрсетілді. Марқұмның бейнесі «Ер есімі – ел есінде» деп аталатын құрмет тақтасына ілінді.

СНХ: ДИНАРА МӘКЕНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚЫЗЫ //// Бүкіл жұртшылықты жинап, анамның адамдық, қызмет бабындағы жауапкершілік, адамгершілік қасиеттерін дәріптеп жатқаны шынында көңілімді қуантты. Жасаған адал пейілді жұмыстары өз балалары, яғни, бізге үлгі. Анам менімен мақтанатындай болса екен деп армандаушы едім. Сол сөзімді орындауға бүгіннгі шара тағы да қанаттандыра түскендей.

РКС: Табандылығы мен адалдығы арқылы халқының жадында сақталар батыр қыздың шыншылдық әрекеті ел есінен шыққан емес. Бұған арада қаншама жыл өтсе де, жасалып жатқан игі шаралар дәлел бола алады. Еске алу кешінің соңы марқұмның рухына бағышталған аспен жалғасты. Ботагөз Бижанованың жасаған ізгі ниетті істері келер ұрпағының санасында ұмытылмай, болашағына өнеге болары сөзсіз.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар