ШҰҒЫЛ! 25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ Толығырақ

АҚКӨЛ: АҚЫЛДЫ ҚАЛАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

19:43, 19 қараша 2020

ДК: Ауыл шаруашылығы саласы Ақкөл ауданы экономикасының күретамыры іспетті. Өңір экономикасының басым бөлігі де осы саласының ешісінде. Он айда 23 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Ірі қара мал басын көбейту арқылы  2,8 мың тонна ет, 14 мың тоннаға  жуық сүт өндірілді. Өнеркәсіп саласында да алға жылжушылық бар. Аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында өңірдің басқа да көрсеткіштері жайында мәлімдеді.     

РКС: Елорда іргесіндегі Ақкөл ауданы кәсіп ашып, өз жұмысын жандандырам деген жандарға таптырмас мекен. Яғни, аудандағы өнеркәсіп өндірісі де жыл санап артып келеді. Осы жыл саладағы өнім өндіру көлемі 3,9 млрд теңгеге жетті.  Өңірдің шаруашылықтары материалдық-техникалық базасын біршама жаңартты. 765 миллион теңгеге өнімділігі жоғары жаңа техника мен құрал-жабдық сатып алынды. Болашақта жүзеге асырылатын маңызды жобаларды да атап өтті.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, АҚҚӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма///Ет фермаларын құру бойынша индикативтік жоспарларды орындау шеңберінде 7 жоба іске асырылды. 307 миллион теңгеге  674 бас ірі қара сатып алынды. Құны 8,5 млрд.теңге болатын «Еңбек» серіктестігінде сүт-тауарлы фермасын салуға қатысты ұзақ мерзімді жоба қолға алынды.

РКС:  Биыл өңір бюджетіне қатысты да оң өзгеріс байқалып отыр. Шығыс бөлігі толығымен игерілді. Кәсіпкерлік саласына келсек,  ауданда 1600-ге тарта шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, онда 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, АҚҚӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма/// Аудан экономикасына салынған инвестиция көлемі 6 миллиард теңгеден асып түсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 миллиард теңгеден астам.  8 мың шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

РКС: «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша аудан тұрғындары бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Сумен жабдықтау жүйелеріне, коммуналдық қазандықтарға, жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электрмен жабдықтау және жолдарды жөндеу де жалғасуда. Тұрғын үй құрылысы да басты назарда. Қазір денсаулық сақтау саласына ерекше екпін беріліп отыр. Жалпы, аудандық бюджеттен коронавирус инфекциясының алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталған іс-шараларды өткізуге 11,0 миллион теңге бөлінді. Брифинг барысында әкімге «Смарт- СИТИ» жобасы туралы да сауал жолдадық.

ИНТЕРШУМ: СҰРАҚ-ЖАУАП:  Смарт- Ақкөл жобасы бүгінгі таңда қалай жүзеге асуда?

Қылмыскерлерді құрықтағаннан басқа тағы қандай пайдасы тиіп жатыр?

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

РКС: Ақкөл ауданының соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатыр. Дегенмен, әлі де ойға алған іс көп. Сондықтан ел игілігі үшін барымызды салып жұмыс істейміз, - деді әкім.  

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
19:43, 25 қараша 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫ...
Толығырақ...
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
19:41, 25 қараша 2020
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар