ШҰҒЫЛ! ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Толығырақ

АҚКӨЛ АУДАНЫ: 2019 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН АЛДАҒЫ МЕЖЕ

19:30, 9 қаңтар 2020

 


Ақкөл ауданының әкімі 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Алпысбай Қайыржанов аудан әкімі ретінде қызметін өткен жылдың сәуір айынан бастаған. Аудан басшысының айтыуынша жылдық  жоспарлар толық көлемде жүзеге асырылған. Бүгінгі таңда жылу беру маусымы тиісті деңгейде өтуде.

Ақкөл ауданы өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына құны 6 миллиард теңгені құрайтын бес жоба ұсынған. Соның арқасында 200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Ауданда суару жүйесін енгізу есебінен азықтық дақылдар өндірісін ұлғайту жоспарлануда. Шағын және орта бизнес белсенді дамуда, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту, мәдениет және спорт салаларына тиісті деңгейде көңіл бөлініуде. Осы тұрғыдан алғанда 2019 жылға жоспарланған барлық жобалар орындалды, дейді аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов.

АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, АҚҚӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Бізде қысқы мерзімге дайындық бойынша біршама мәселелер туындады. Коммуналдық қызметткерлермен бірлесіп жасаған іс-шаралардың арқасында туындаған мәселелерді толығымен шештік. Қазіргі таңда  жылу беру маусымы тұрақты өтуде. 

 Алпысбай Қайыржанов Қазақстанда алғаш қолға алынған  "Ақылды қаланың"  жұмыстарымен де  бөлісті.

АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, АҚҚӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ең алдымен "Ақылды қала" - бұл қауіпсіздік, тұрғындар мен қаланың қауіпсіздігі. Мысалы, сумен жабдықтауға қатысты, бүгінгі күні біз коммуналдық қызметтермен ықпалдастықты пысықтап жатырмыз, яғни электр энергиясын, сумен жабдықтауды 1 наурызға дейін "Қазпошта" - ға біріктіруді қалаймыз. Тұрғындар үшін бұл жеңілірек болмақ.

Алға қойған жоспарлар ауқымды. Атап айтсақ,  тұрғын үй құрылысы, жолдарды, су құбыры желілерін жөндеу, халықты жұмыспен қамту.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:03, 8 сәуір 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
20:01, 8 сәуір 2020
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...