ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ!

18:11, 12 тамыз 2019

Диктор кадрда: Көкшетауда «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы аясында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу болып өтті. Оған мектеп, орта арнаулы, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері мен білім беру саласының басшылары шақырылған.

РКС: Жиын барысында оқу орындарындағы жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес жолдары талқыланды. Бұған дейін өңірдегі 33 білім беру мекемелерінде аталған тақырыпқа қатысты 350-ден аса кездесу, семинар өткізілген.

СНХ: АРМАН БЕРДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Өздеріңіз білесіздер сыбайлас жемқорлықпен күрес оның алдын алу бүгінгі таңның өзекті мәселелерінің бірі. Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевта жемқорлықпен күресті назардан тыс қалдырған емес. Еліміздегі жемқорлықпен күрес агентігінің қазіргі мақсаты жемқорларды іздеп жүріп, қолына кісен салу емес, ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеу. 

РКС: Жиында жемқорлық деректері жер қатынастары, құрылыс, ауылшаруашылығы, білім, денсаулық сақтау саларында көп кездесетіні айтылды. Бұл олқылықты шешу үшін қоғам, халықпен бірлесіп күресу қажеттігі сөз болды.

СНХ: СЕРІК АЛТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ Біз сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында кездесулер, семинар, тренингтер тағы да басқа іс-шараларды көп ұйымдастырамыз. Оқу орындарының басшыларын шақырып, түсіндіру жұмыстарын да өткіземіз. Десе де жемқорлық деректері білім саласында тіркеліп жатады.

РКС: Жиында сондай-ақ «Саналы ұрпақ» бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар жайы айтылды.

М.Айбабина, Д.Мүжібаев, Көкше ақпарат.

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...