ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ!

15:23, 6 қаңтар 2020

 


Жыл сайын елімізде 2 мыңнан астам жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеледі. Мыңға тарта тұлға жауапқа тартылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың тамырын түбегейлі жою туралы айтқан болатын. Осылайша, ел дамуына кедергі келтіретін індетке жол бермеуді ұсынды.

Азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен серіктестігін нығайту, қоғамдық бақылауды күшейту, сондай-ақ өңірлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін арттыру. Бұл міндеттер жемқорлықты жоюға ықпал етеді. Жемқорлыққа жол берген жоғарғы басшылардың жауапкершілігі әлдеқайда басым.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ:

Облыс бойынша жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Құрылыс, сәулет және жер қатынастары, тұрғын-үй коммуналдық, шаруашылық мекемесі тәрізді сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары мекемелердің мәселесі бойынша прокуратурамен ақылдасудамыз. Президент жемқорлықпен күрес бағытында нақты тапсырмалар жүктеп отыр. Бұл мәселе әркез өзекті. Себебі жемқорлық барлық жерде бар. Алайда, өткен жылмен салыстырғанда, жүйелі жұмыстар арқасында құқықбұзушылықтар саны азаюда. Азаматтар жауапкершілікті сезінуде.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдыңғы міндеттердің бірі ретінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Онсыз ел экономикасының алға жылжу мүмкіндігі шектеулі болатынын ескертті. Бұл үшін «Астана» қаржы орталығының алаңы жұмыс істеуде.

МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, «KAZAKHSTAN INNOVATIONS» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

 Президент Жолдауы білім беру, денсаулық сақтау, жемқорлықпен күрес сынды барлық саланы қамтыды. Біздің қоғамдық қорға келер болсақ, 2019 жылы біз Жолдауда айтылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүшесі болдық. Аталмыш орталық инновациларды дамыту, жаңа технологиялар, қаржы құралдарын енгізу алаңына айналуы тиіс болатын, біз бұған қол жеткіздік. Сонымен қатар, ұжымдық табыс салығынан босату сынды артықшылығы бар. Бұл кеңсенің «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында орналасуы, инвестициялар тарту үшін қолайлы.  

Ақмола аймағының «Астана» халықаралық қаржы орталығының резидентіне айналуы көптеген мүмкіндіктерге жол ашпақ. Бұл дегеніміз, цифрлы технология мен «жасыл» экономиканың қарқынды дамуы ықтимал деген сөз.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, САНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...