ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

19:53, 6 желтоқсан 2018

РКС: «Ақмола – адалдық алаңы». Облыстық жастар ресурстық ғимаратында ашылған жобалық кеңсе Елбасының «Астана – адалдық алаңы» тәжірибесін өңірлерде іске асыру аясында ашылып отыр. Жаңа жоба мемлекеттік органдардың ашықтығы, басшылардың жауапкершілігі, есептілік, қоғамдық бақылау және мемлекеттік қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасау міндеттерін жүзеге асыру бағытында жұмыс істемек. Кеңсе алаңында белсенді жастармен кездескен Олжас Бектенов жоба мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Қазіргі уақытта Агенттік еліміздің барлық облысында «Адалдық алаңдарын» ашуға басымдық беріп отыр. Ол Елбасының «Астана – адалдық алаңы» жобасы тәжірибесін өңірлерде іске асыру тапсырмасына сәйкес қолға алуында. Жобалық кеңсе алаңында мемлекеттік органдардың ашықтығы, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу турасында шаралар өткізіледі. Негізгі мақсат – мемлекеттік органдарға халықтың сенімін арттыру.

РКС: Жұмыс сапарында Олжас Бектенов Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. Жиында агенттік өкілі мемлекеттік қызмет саласындағы кадр саясатының басым бағыттарына тоқталды. Бүгінде кәсіби дайындалған әрі адамгершілік қасиеттері  мол мамандарды дайындау маңызды мәселе. Осы бағытта Ақмола облысында бірегей жобалар қолған алынған. Олардың бірі – Көкшетау мемлекеттік университетінің қабырғасындағы «Саналы ұрпақ» клубы.

СНХ: БЕКНҰР АМАНГЕЛДІ, «САНАЛЫ ҰРПАҚ» КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ///Біздің «Саналы ұрпақ» клубы үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның бірі – мемлекетшілдік деп аталады. Яғни, біз жастарды патриот болуға шақыратын шараларды өткіземіз. Мемлекеттің дамуы – бүгінгі жастарға байланысты. Сондықтан, жастарымыз адал, тәртіпті, жемқорлық көріністеріне төзбейтін болуы керек. Біз соны жеткіземіз.

РКС: Студенттермен кездесуден соң, Олжас Бектенов университет қабырғасында «Integrity Shop» адалдық дүкенінің ашылуына қатысты. Оның кәдімгі дүкендерден ерекшілігі сол, мұнда сатушы да, касса аппараты да болмайды. Студенттер өздеріне қажетті заттарын таңдап алып, ақшасын жәшіктерге қалдырады. Бірегей жоба жас ұрпақты жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге бағытталған.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ // Бүгін біздің оқу орнымызды жастарды адалдыққа, тәртіпке баулуға бағытталған осындай ерекше дүкен ашылып отыр. Бұл бірегей жоба деп есептеймін. Бүгін салтанатты түрде ашылу рәсімі болып жұмысын бастады. Дүкенді жеке кәсіпкер Елена Мащинскаяның қолдауымен ашып отырмыз. Алдағы уақытта табысты жұмыс істейді деген ойдамыз.

РКС: Сонымен қатар, агенттік өкілі «Қазақстанның агроинновациялық корпорациясының» жұмысымен де танысты. Кәсіпорын Ақмола облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің бизнес пен инвестицияны сүйемелдеу жобасына енгізілген.

НҰРГҮЛ НҰРБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...